Сарапшылар Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселелерін талқылады

23.07.2024

2024 жылғы 23 шілдеде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да сарапшылар елдегі гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.


Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, БҰҰ-әйелдердің, "Әкелер Одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің және Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ онлайн форматта БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылары мен ҮЕҰ өкілдері талқылауға қосылды.


Іс-шара барысында, атап айтқанда, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік бағдарланған бюджеттеу мен сатып алуды енгізу, гендерлік проблемалар бойынша оқыту курстары мен бағдарламаларын енгізу, гендерлік стереотиптерді еңсеру және т. б. мәселелер қозғалды.

Талқылау қорытындысы бойынша басымдықты талап ететін ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің ең өзекті мәселелері айқындалды.


Қарау саны: 127
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!