Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұлғасында Жалғыз акционердің бұйрығымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма Төрайымы болып 2024 жылғы 1 тамыздан бастап Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әсел Ерболқызы Сәрсенбаева тағайындалды.
Әсел Сәрсенбаева өз жолын 2015 жылы Coca-Cola Almaty Bottlers компаниясында қазынашылық маманы, одан әрі «БТА Банк» АҚ-да талдаушы ретінде бастады. Әр жылдары ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментінің бас талдаушысы, Талдау және тәуекел-менеджмент басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ Ұлттық қордың активтерін, алтын-валюта резервтерін және зейнетақы активтерін сыртқы басқарушылармен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы лауазымдарын атқарды. 2022 жылдан бастап Societe Generale халықаралық корпоративтік-инвестициялық банкінде жұмыс істеді, онда Қазақстан мен Өзбекстандағы корпоративтік, квазимемлекеттік және банк секторымен жұмысқа жауапты болды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап тәуелсіз директор - «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Әсел Сәрсенбаева City University of London университетінің экономика магистрі, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетінің қаржы бакалавры дәрежесіне ие. IMF (Халықаралық валюта қорының) сертификатталған маманы болып табылады.