Азия даму банкімен кездесу

21.08.2024

16–тамызда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (Институт) қабырғасында Институт қызметкерлерінің Азия Даму Банкінің (АДБ) өкілдерімен және оның Қазақстандағы жаңа елдік директоры Уцав Кумармен кездесуі өтті. 

Кездесуде институттың АДБ-мен жүргізген жұмысының қорытындылары және Қазақстандағы фискалдық орталықсыздандыруды зерттеу бойынша 2024 жылға арналған алдағы жұмыс талқыланды. 


Институттың Басқарма төрағасы Сәрсенбаева Әсел Ерболқызы Қазақстанда фискалдық орталықсыздандыруға зерттеу жүргізудің маңыздылығын атап өтті. "Зерттеу нәтижелері бюджеттің әрбір деңгейіне олардың түрлерін бекіте отырып, жекелеген салықтарды беру сценарийлерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл жоғары тұрған бюджетке трансферттік тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстан өңірлерінің қаржылық қамтамасыз етілуін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді", деді ол кездесуде.

 
Сондай-ақ кездесуде институт пен АДБ өкілдері Қазақстандағы бюджеттік жоспарлаудың интеграцияланған жүйесі мен гендерлік бюджеттеу мәселелерін зерттеу бойынша білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының (БТАБ) жаңа бесінші кезеңі шеңберінде таяу болашаққа арналған бірлескен ынтымақтастық жоспарларын белгіледі. 

БТАБ-тың жаңа бесінші кезеңі Қазақстан үшін 2023-2027 жылдарға арналған Елдік әріптестік стратегиясының мақсаттарына сәйкес декарбонизация, инклюзивті өсу және басқару саласындағы диалогты нығайтуды жалғастырады. Алдыңғы кезеңдердегідей, Ұлттық экономика министрлігі АДБ-мен бірлесіп Бағдарламаны Қазақстан Үкіметі атынан басқаратын болады.


Қарау саны: 166
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!