Ағымдағы жылдың 29 тамызы Экономикалық зерттеулер институты мен Қазақстан даму банкінің басшылығы мен сарапшылары арасында кездесу өтті.
Тараптар жеке сектор мен мемлекеттік бастамаларға қаржылық қолдау көрсете отырып, инвестициялық басымдықтар мен тұрақты нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатыны туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Іске асырылып жатқан және қарастырылып жатқан жобалардың салаларды, аймақтарды және экономиканы дамытуға әсерін талдау жұмыстары, болжау, жоба алдындағы бағалау тұрғысында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.