«Рейтинг көрсеткіштері не дейді?» айдары

09.09.2024

Экологияның жай-күйі тақырыбын жалғастыра отырып, энергия өндірудің балама көздері мәселесін қарастырайық.

IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде (бұдан әрі – IMD) ұсынылған «Жаңартылатын энергия көздері» көрсеткіші энергия қажеттілігінің жалпы көлеміндегі жасыл энергияның үлесін көрсетеді.

Жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) дамыту мәселелеріне климаттың өзгеруі және әлемдегі экологиялық жағдайдың нашарлауы контекстінде көп көңіл бөлінеді.

Бұл көрсеткіштің көзі Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) дерекқоры болып табылады. Деректер 2 жылға артта қалумен қалыптастырылады, бұл есептеулерді тексеруге және елдерден алынған мәліметтерді түзетуге байланысты. ЖЭК толықтырылатын табиғи процестердің туындылары болып табылады. Бұл көздерге күн энергиясы, жел, биомасса, геотермалдық, гидроэнергетикалық және мұхиттық ресурстар, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінен алынатын биоотын мен сутегі арқылы өндірілетін энергия жатады.

IMD-2024 рейтингінде Қазақстан «Жаңартылатын энергия көздері» көрсеткіші бойынша өткен жылмен салыстырғанда 1,6% мәнімен 2 тармаққа төмендеп, 67 елдің арасында 59-орында тұр.


Қазақстанның ең жоғарғы мәні өткен жылғы рейтингте 1,7% құрады, көрсеткіш бойынша 57-орында тұр, бұл IMD рейтингін қалыптастыру барысында Қазақстанның ең үздік мәні болып табылады (бұл көрсеткіш бойынша ең төменгі позиция - 2017 жылғы рейтингте 60-орын). 

«Жаңартылатын энергия көздері» көрсеткіші бойынша рейтинг көшбасшылары Исландия (88,9%), Нигерия (74,9%) және Норвегия (53,3%) болып табылады, ең төменгі орындарда нөлдік мәндермен Кувейт (0,1%), Катар және Бахрейн тұр. Елдердің көшбасшылығы электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын көздердің елеулі әлеуетіне, сондай-ақ ЖЭК-ті белсенді дамыту бойынша іске асырылып жатқан саясатқа байланысты. 

Исландияда энергия қажеттілігін 100% қамтамасыз етуге қол жеткізу және жасыл энергияны экспорттаушы болу жоспарлануда. Елімізде геотермалдық көздер мен гидроэлектростанциялар негізінде ЖЭК-ін анағұрлым тиімді қолдану, сондай-ақ жаңа бағыт - жел энергетикасы бойынша зерттеулер жүргізілуде. 

Нигерияда 20 жылдан астам уақыт бойы ЖЭК дамыту бойынша мемлекеттік саясат тиімді жүзеге асырылуда. Елде Нигерияның Жаңартылатын энергетиканы дамытудың Бас жоспарын (2011 жылдан бастап), Нигерияның Ұлттық жаңартылатын энергия және энергия тиімділігі саясатын (2015 жылдан бастап), Шағын желі ережесін (2016), Автономды электрлендіру стратегиясын (2017) және Нигерияның Экономикалық тұрақтылық жоспарын жүзеге асыруға негізделген кешенді және нақты энергетикалық саясат бар (2020).

Ұлттық статистикаға сәйкес Қазақстанда жыл сайын өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі артып келеді. 2020-2023 жылдар аралығында гидроэлектростанцияларды ескере отырып, күн және жел энергиясынан ЖЭК өндірісінің 2,8%-тен 5,8%-ке дейін 11%-тен 12,7%-ке дейін ұлғаюы байқалды.


Елімізде ЖЭК дамуына көп көңіл бөлінеді, өткен жылы 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданды. Стратегия елдің даму басымдықтарын айқындайтын мақсат қою құжаттарына жатқызылған және басымдықтардың бірі СО2 шығарындыларын азайту болып табылады. Төмендетуді энергетикалық ауысу және баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.


Қарау саны: 84
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!