Өңдеу өнеркәсібі

09.09.2024

Бүгін салалық тұрғыда кәсіпкерліктің жай-күйі туралы баяндаймыз. Айдарымызды  өңдеу өнеркәсібінен бастауды жөн көрдік. 

Өңдеу өнеркәсібі қазіргі таңда елімізде басым сала болып табылады.

Мәселен, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша өңдеу өнеркәсібінде шамамен 121 мың ШОБ субъектісі тіркелсе, оның 91%-тен астамы жұмыс істейді. Бұл ретте республиканың барлық бөлігінде өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің жалпы үлесі 5,4% құрады. 

2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 1 ШОБ 4,9 млн.теңгеге өнім шығарды. Жалпы алғанда, өңдеу субъектілері осы кезеңде 1,7 трлн теңге өнім шығарды, оның ішінде орта бизнес 0,7 трлн теңге өнім шығарды, ал шағын бизнес – 1,0 трлн. теңге. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік өнімінің жалпы үлесі республикалықпен салыстырғанда 10,4% құрайды.

Өңдеуші өнеркәсіп субъектілері ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны бойынша 4-орынды алады және шамамен 351,5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ, S&P Global компаниясының іскерлік белсенділік индексіне сәйкес, тамыз айында, өңдеу саласының көрсеткіштері 53,3-ке жетті. Өндіріс көлемі алтыншы ай қатарынан өсуде, өсу қарқыны 2023 жылдың қыркүйегінен бастап ең жоғары деңгейге жетті. Кейбір компаниялар бұл факторды жаңа тапсырыстардың келуімен байланыстырады, дегенмен мұндай өсім жоспарлы болуы мүмкін.

Жалпы, өңдеу өнеркәсібі субъектілерінің көрсеткіштері оң динамиканы көрсетеді, бұл экономиканы әртараптандыру бойынша таңдалған бағыттың дұрыс екендігін көрсетеді. Осы саланы дамыту мақсатында цифрлық технологияларға инвестициялар бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін үлкен маңызға ие. Машина жасау және мұнай-газ химиясы сияқты перспективалы салаларды дамыту Қазақстан алдында әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру және нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.


Қарау саны: 58
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!