9 қыркүйекте Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесуде Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қатысты негізгі мәселелер талқыланып, алдағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Жиынға Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің басшысы Куртмолла Абдулганиев пен экономист Марат Шашкенов қатысты. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Басқарма Төрайымы Әсел Ерболқызы Сәрсенбаева, орынбасар Әділ Миратұлы Құсманов және Тұрақты даму мақсаттары Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыптары Қазақстандағы ТДМ-ны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық және олардың орындалу барысы туралы Ерікті Ұлттық шолуды дайындау болды. Куртмолла Абдулганиев «ЭЗИ» АҚ-на БҰҰ-ның Қазақстандағы негіздемелік бағдарламасын бағалауға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Тараптар ТДМ бойынша ерікті ұлттық шолуды дайындауға ерекше назар аудара отырып, одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттары туралы келісті.