2024 жылғы тамыздағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

10.09.2024

Елдегі тұтынушылық инфляция төмендеп, жылдық мәнде 8,4%-ға жетті. Бұл ретте, тұтыну инфляциясындағы азық-түлік емес тауарлардың үлесі 0,8 м/м%-ке өсті. 

2024 жылғы тамызда елімізде инфляция құрады:
- өткен жылдың шілдесіне қатысты (шілдеде 8,6%) 8,4%;
- ағымдағы жылдың шілдесіне қатысты (шілдеде 0,7%) 0,6%.
Жылдық мәндегі бағалар:
- азық-түлік тауарлары сол 5,5% деңгейінде қалды;
- азық-түлік емес тауарлар - 7,7% (0,4%); 
- ақылы қызметтер қымбаттады - 13,6% (-0,9%). 

Ақылы қызметтер инфляция динамикасына негізгі үлес қосады - 45,7% (яғни, 8,4% жалпы инфляциядан 3,8% ақылы қызметтерге тиесілі), бұл соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өткен жылғы тамызда ақылы қызметтердің үлесі жалпы инфляциядан 30,3% құрады.

Дәстүрлі түрде ең көп үлес қосқан азық-түлік тауарларының үлесі 27,3% құрады. Азық-түлік тауарларының үлесі ең жоғары болған 2022 жылғы сәуір мен мамырмен салыстырғанда олардың инфляцияның жалпы динамикасындағы үлесі 27,7 п.т. 55,2%-дан 27,5%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда, азық түлік тауарларының үлесі өзгеріссіз қалды.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі өткен жылғы сәуірдегі ең жоғары 32,1%-дан 27,3%-ға дейін төмендеді.


Азық-түлік тауарлары ішінде ең жоғары қымбаттау келесі туарлар бойынша тіркелді:
- қызанақ – 24,9%;
- қияр – 21,6%;
- темекі өнімдері – 17,4%;
- минералды және ауыз су – 14,7%; 
- картоп – 14,3%;
- кондитерлік өнімдер – 13,4%;
- балғын жемістер – 12,8%;
- салқын сусындар – 11,5%;
- балық – 9,4%;
- жұмыртқа – 8,6%.

Жылдық бағаның төмендеуі тіркелді: ақ қырыққабат – 27,6%, қарақұмық жармасы – 23,4%, күнбағыс майы – 17,2%, түйінді пияз – 14,2%. 
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең үлкен өсімі келесілерде байқалды: отандық құрастырудағы жаңа жеңіл автомобильдер - 28,6%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 11,6%-ға, киім-кешек пен аяқ киім – 11%-ға, жиһаз және тұрмыстық заттар - 10,6%-ға, жеке пайдаланылатын тауарлар - 7,8%-ға, құрылыс материалдары - 5,9%-ға. Тас көмір 10,3%-ға, ағаш отын - 10,1%-ға, баллондардағы сұйытылған газ  - 9,1%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер саласында бағалар өсті: кешенді демалысты ұйымдастыру қызметтері - 17,8%-ға, байланыс қызметтері – 14,9%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері – 12,8%-ға, денсаулық сақтау қызметтері – 12%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер - 11,5%-ға, шипажайлар - 10,7%-ға, қоғамдық тамақтану қызметтері - 9,4%-ға көтерілді. Таксимен жүру - 14,6%-ға, қалалық автобуспен жүру – 12%-ға, әуе жолаушылар көлігімен жүру - 8,5%-ға, теміржол жолаушылар көлігімен жүру - 8,2%-ға қымбаттады.

Тарифтер көтерілді: орталық жылыту - 33%, қоқыс шығару - 23,5%, су бұру – 22,9%, электр энергиясы – 22,8%, суық су – 21,9%, ыстық су - 20,2%%. Осылайша, ТКШ қызметтері 15,3%-ға қымбаттады.

Жалпы, ақылы қызметтер бағасының өсуі байқалды. Ақылы қызметтердің тұтынушылық инфляцияға қосқан үлесі төмендеді, бірақ соңғы айларда баға өсімінің жартысына жуығын қамтамасыз етеді. Азық-түлік тауарлары секторында бағалар алдыңғы ай деңгейінде қалды.


Қарау саны: 91
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!