Moody’s Ratings Қазақстанның рейтингін Baa1 - тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары бағаға дейін көтерді!

10.09.2024

2024 жылғы 9 қыркүйекте Moody's рейтингтік агенттігі Қазақстанның жергілікті және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтерін Baa2 деңгейінен Baa1 деңгейіне дейін көтерді.

Қазақстан Республикасының кредиттік рейтингін жаңарту институционалдық және саяси ортадағы үздіксіз жақсартуларға, сондай-ақ көмірсутектерге тәуелділікті төмендетуге бағытталған экономикалық әртараптандырудың орнықты динамикасына байланысты болды. Бұл факторлар Қазақстанның сілкіністерге төзімділігін арттырды және арттыруды жалғастырады, осылайша, мемлекеттің кредиттік бейінін Baa1 рейтингімен салыстырмалы елдерге сәйкес келетін деңгейге дейін нығайтады.

Кредиттік рейтингті қалыптастыру әдістемесі:

Moody's кредиттік рейтингтері Moody's дұрыс әрі сенімді деп санайтын көздерден, оның ішінде эмитенттерден және олардың өкілдерінен, сондай-ақ эмитенттен тәуелсіз көздерден алынған ақпаратқа негізделген.

Moody’s макроэкономикалық көрсеткіштер, институционалдық орта, ауқым, рентабельділік және тиімділік, қарыз қаражаттарын пайдалану және оларды өтеу сияқты әртүрлі деректер жиынтығы үшін критерийлер жүйесін пайдаланады. Әр көрсеткіштің мәні қай топқа түсетініне байланысты оған "Aaa"-дан "C"-ге дейінгі өз рейтингі беріледі. Бұдан әрі, әр көрсеткіштің салмағын ескере отырып, компанияның рейтингі болып табылатын орташа мән алынады. Сондай-ақ, бұл жүйеде көрсеткіштердің топтары мен салмақтары да, рейтинг критерийлері де өзгеруі мүмкін, сондықтан ол икемді болып табылады.

Аналитикалық бағалаудан кейін Moody’s "AAA"-дан (максималды сенімділік) "C"-ге дейін (дефолттың максималды ықтималдығы) әріптік белгілермен белгіленген кредиттік рейтингтерді тағайындайды. Осылайша, "AAA"-ға жақындық қарыз алушының немесе эмитенттің жоғары несиелік қабілеттілігін көрсетеді, ал "C"-ге жақындаған рейтинг дефолт қаупінің жоғарылауын көрсетеді.


Осылайша, кредиттік рейтингтің қазіргі функциясы - белгілі бір ұйымның немесе тіпті елдің қаржылық тұрақтылығы туралы нақты, ықшам және салыстырмалы ақпарат беру. Кредиттік рейтинг бағаланатын субъект қызметінің әртүрлі аспектілерін біріктіретіндіктен, көбінесе олардың белгілері бойынша ерекшеленеді, бұл қарыз алушының несиелік міндеттемелерді орындау қабілетін бағалаудың кешенді құралы ретінде қарастырылады. Кредиттік рейтинг, несиені бағалаудың әмбебап құралы ретінде, инвесторлар мен кредиторлар үшін негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.


Қарау саны: 121
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!