Ұлттық байланыс орталығы

11.09.2024

Ұлттық байланыс орталығының (бұдан әрі – ҰБО) қызметі туралы баршаға қаншалықты мәлім? Шын мәнінде, ҰБО дауларды шешудің ерікті механизмі болып табылады, ол компаниялар бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарын бұзған жағдайларда қоғамға өз құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Оның іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін тереңірек түсіну үшін әйгілі бренд — Starbucks мысалын қарастырайық.

Сонымен, 2019 жылғы 29 қарашада I-buycott француз үкіметтік емес ұйымынан (Анықтама үшін: I-buycott – бұл адамдарға тұтынудың жауапты әдеттерін жақсы түсінуге және сақтауға көмектесетін коммерциялық емес ұйым) Францияның ҰБО-на Starbucks Coffee France компаниясына (бұдан әрі – компания) шағым келіп түсті, оны ЭЫДҰ Ақпаратты ашу, тұтынушылардың мүдделері және салық салу жөніндегі нұсқаулығының (бұдан әрі – Нұсқаулық) талаптарына сәйкес келмеді деп айыптады. Атап айтқанда, айыптаулар компанияның Франциядағы қызметі туралы қаржылық, салықтық және қаржылық емес ақпараттың жеткіліксіз және дұрыс ашылмауына, сондай-ақ Starbucks Coffee Group пен Alsea мексикалық тобы арасындағы лицензиялық келісімге қатысты болды. Сондай-ақ Франциядағы Starbucks салық салудың және салық төлемдерінің ашықтығы мәселесі көтерілді. Өтініш беруші компания ЭЫДҰ Франция аумағындағы трансферттік баға және адал бәсекелестік жөніндегі нұсқаулығының ұсыныстарын бұзады деп мәлімдеді. 

Медиация кезеңдерін өткізу кезінде Starbucks Coffee France ҰБО-мен ынтымақтастықта болды, алайда, өтініш берушімен тікелей диалогқа түспеді. ҰБО қарау барысында Ақпаратты ашу жөніндегі нұсқаулықтың ұсыныстарына сәйкес еместігін анықтап, компания тұтынушыларға негізделген шешім қабылдау үшін нақты және жеткілікті ақпарат бермейтінін атап өтті. 

2021 жылғы 1 маусымда ҰБО келісімге қол жеткізбестен процесті аяқтайтын қорытынды мәлімдеме жариялады және компанияға келесі ұсыныстарды берді:
  • Компанияның қаржылық көрсеткіштері, құрылымы және басқаруы, сондай-ақ байланысты тараптармен жасалатын мәмілелер туралы ақпаратты ашуды күшейту.
  • ЭЫДҰ-ның ұлттық заңдары мен ұсынымдарына сәйкес салықтық ақпараттың толық ашылуын қамтамасыз ету, бұл салық салу мәселелерінде әділ мінез-құлық кодексін әзірлеуді қамтуы мүмкін.

Бұл жағдай Starbucks сияқты ірі халықаралық компаниялар үшін қаржылық есептілік пен салық салу мәселелерінде мөлдірлік пен ашықтықтың жоғары стандарттарын сақтау қаншалықты маңызды екенін анық көрсетеді. Нақты және толық ақпарат бере алмау қоғамның сеніміне және халықаралық стандарттарға сәйкестігіне қауіп төндіреді.

Бүгін Starbucks Coffee France ақпаратты ашуды жақсартуға және корпоративтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына адалдығын көрсетуге ұмтыла отырып, ҰБО ұсынған өзгерістерді енгізуде.


Қарау саны: 73
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!