Қарызға қызмет көрсетуге 2023 жылғы шығындар

12.09.2024

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2022 жылғы 25,3 трлн теңгеден (ЖІӨ-нен 24,4%) 7,3%-ке 2023 жылғы 27,2 трлн теңгеге (ЖІӨ-нен 22,8%) дейін өсті.

2023 жылы қарызға қызмет көрсету Қазақстанның республикалық бюджетінің барлық шығындарынан 8,4% құрады (2022 жылы 7,3%). Қарызға қызмет көрсету 2023 жылы 39,4%-ке 1 808,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2022 жылы 1 297,4 млрд теңге).


Жергілікті бюджеттердің 2023 жылғы шығындары құрылымында қарызға қызмет көрсету 0,6% құрады (2022 жылы 0,4%). Қарызға қызмет көрсетудің абсолюттік мәні, 2022 жылмен салыстырғанда, 4,3%-ке төмендеп, 2023 жылы 57,8 млрд теңгеге дейін жетті (2022 жылы 60,4 млрд теңге).

Өткен жылы шығындардың ең көп үлесі Түркістан облысына тиесілі болды – 13,6% (2022 жылы 13,0%). Өткен жылы шығындардың ең көп үлесі (13,2%) болған Алматы қаласы екінші орынға (9,0%) ауысты. Өткен жылы шығындардың ең аз үлесі Ұлытау облысында тіркелді - 1,4% (2022 жылы 1,3%).


Қарау саны: 75
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!