Ұлттық байланыс орталықтарының (ҰБО) қызметімен ҰБО-дағы дау тараптарының бірі болып үлгерген әлемге әйгілі Coca-Cola компаниясының мысалында танысуды жалғастырайық.

17.09.2024

2018 жылы Ирландиялық ҰБО-на Халықаралық тамақ өнеркәсібі жұмысшыларының одағынан (IUF) Ирландиядағы Coca-Cola — Ballina Beverages еншілес компаниясына шағым келіп түсті. Шағымда компания ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізудің халықаралық стандарттарын, соның ішінде адам құқықтары мен еңбек қатынастарын бұзды деп мәлімделді. Негізгі мәселелер кәсіподақ құру құқығына, ұжымдық келіссөздерге және компанияның бұзушылықтар туралы хабарлау міндеттемелеріне қатысты болды.

Дауды шешу үшін ҰБО екі тарапқа да келіссөздерді бастауды ұсынды. Келіссөздер 2023 жылы аяқталды, онда тараптар өзара қолайлы шешім тауып, келісімге қол қойды, дегенмен оның мазмұны құпия болып қала берді. ҰБО рәсімдерінде тараптардың уағдаластығы бойынша келісімдердің егжей-тегжейлері жария етілмеуі мүмкін екендігіне жол беріледі.

Келісімге қол қойылғаннан кейін ҰБО тараптарға оның барлық шарттарын толық орындау үшін диалогты жалғастыруды ұсынды.

Coca-Cola ҰБО ұсынымдарын қабылдағанын және жұмысшылардың құқықтарына деген адалдығын растай отырып, еңбек қатынастарын жақсарту үшін жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Компания мен IUF ұзақ мерзімді қарым-қатынастарын нығайту және қалған мәселелерді шешу үшін ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

Бұл жағдай ҰБО барлық мәселелер бірден шешілмесе де, ымыраға келуге қалай көмектесетінін көрсетеді. Сондай-ақ, бұл мысал қайшылықтарды шешу үшін диалогқа ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Компанияның беделі шешуші рөл атқарады және ҰБО-мен ашық ынтымақтастық қызметкерлердің де, қоғамның да сенімін сақтауға көмектеседі, бұл екі тарап үшін де маңызды болып табылады.


Қарау саны: 64
Сақталған: 17.09.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!