Германия сауда
17.09.2024
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 3,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдан 35,7%-ға жоғары (2,7 млрд АҚШ доллары). Қазақстаннан Германияға экспорттың ең көп көлемі 2023 жылы – 0,74 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (0,53 млрд АҚШ доллары) 39,6%-ға артық. Германияға экспорттың өсімі шикі мұнай экспорты көлемінің 3,4 есе ұлғаюымен негізделеді. Қазақстаннан Германияға экспорттың негізгі тауарлары: шикі мұнай – 0,42 млрд АҚШ доллары (жалпы экспорттан 57,8%), феррохром – 0,78 млрд АҚШ доллары (10,6%) және фосфор – 0,35 млн АҚШ доллары (4,8%) болып табылады. 2023 жылы Германиядан Қазақстанға импорттың ең көп көлемі байқалады - 3,3 млрд АҚШ доллары, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (2,2 млрд АҚШ доллары) 35,9%-ға жоғары. Германиядан импорттың ұлғаюы дәрілік заттар сияқты тауарларды әкелудің 14,4%-ға, жүктерді тасымалдауға арналған тіркемелердің 2,8 есе, автомобильдердің 2,1 есе ұлғаюымен негізделеді. Германиядан Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары дәрілік заттар – 0,18 млрд АҚШ доллары (импорттың жалпы көлемінен 6,1%), жүктерді тасымалдауға арналған тіркемелер – 0,11 млрд АҚШ доллары (3,7%) және автомобильдер – 0,10 млрд АҚШ доллары (3,4%) болып табылады. Германиядан Қазақстанға импорт фармацевтика, көлік, ауыл шаруашылығы техникасы, азық-түлік және басқа да салаларды қамтитынын атап өткен жөн. Қазақстаннан Германияға экспортталатын тауарлар негізінен мұнай химия және металлургия салаларында шоғырланған. Анықтама үшін: Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 2024 жылғы қаңтар-маусымда 1,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (1,7 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 11,7%-ға жоғары. Аталған кезеңде Қазақстаннан Германияға Экспорт 2,2 есеге ұлғайып, 0,50 млрд АҚШ долларын құрады. Германиядан Қазақстанға импорт 5,3%-ға азайып, 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар Германиядан Қазақстанға 2023 жылға тікелей инвестициялардың жалпы ағынының көлемі 0,77 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 64,1%-ға артық (0,46 млрд АҚШ доллары). 2023 жылғы инвестициялар көлемі 2005-2023 жылдар кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш болып табылатынын айта кету керек. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына сәйкес, қазіргі уақытта елде неміс инвесторларының қатысуымен келесі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда: - Литий өндіру және қайта өңдеу бойынша ТБК салу (235,0 млрд теңге); - Қостанай облысында жүк автомобильдеріне шойын құю өндірісі (78,2 млрд теңге); - Литий оксиді концентратын алу мақсатында пегматит кендерін өңдеу. Асубұлақ пегматит алаңы (90,0 млрд теңге); - Көпфункционалдық инновациялық индустриялық парк (53,9 млрд теңге); - Ұсталық-бандаж кешенінің құрылысы (78,6 млрд теңге).
Қарау саны: 95 |
|
|