Атырау облысындағы сауда
19.09.2024
Атырау облысының сыртқы сауда айналымы 2023 жылы 30,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ға төмендегенін көрсетеді (-3,8 млрд АҚШ доллары). Бұл төмендеу шикі мұнай және газ
саласындағы сауданың негізгі сегментіндегі экспорттың 9,6%-ке немесе -2,9 млрд
АҚШ долларына төмендеуіне байланысты.
Сыртқы сауда айналымы туралы
деректерге сүйене отырып, Италия Атырау облысы үшін ең ірі ойыншы болып
табылады, ол жалпы экспорттың 32%-ын, яғни 9,3 млрд АҚШ долларын құрайды. Корея (11,5%), Қытай (10,7%),
Нидерланды (9,7%), Франция (6,1%), Түркия (5,6%), Испания (4,6%) және Греция
(3,8) сондай-ақ осы елдердің жалпы экспорты 15 миллиард АҚШ долларын құрайтын
маңызды экспорттық бағыттар тізіміне кіреді. 2023 жылы импорт көлемі 1,3 млрд АҚШ
долларына дейін жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ке артық. Импорттың
құрылымын талдауға сәйкес әкелінетін тауарлардың көлемі бойынша тауарлардың келесі
бөлінісі тән: жартылай фабрикаттар - 793,9 млн АҚШ доллары (58,9%), дайын
өнімдер – 540,7 млн АҚШ доллары (40,1%), шикізат тауарлары – 13,7 млн АҚШ
доллары (1%).
Импорттың көп бөлігі Ресейден
келеді, бұл жалпы көлемнен 20% немесе 273,9 миллион АҚШ долларын құрайды. Ресейден
әкелінетін ең маңызды тауарлар - 93,1 миллион АҚШ доллары сомасына негізгі
металдар, 31,6 миллион АҚШ доллары сомасына азық-түлік өнімдері және 24,2
миллион АҚШ доллары сомасына машиналар мен жабдықтар. Бұған қоса, импорт құрылымында 168,3
млн АҚШ доллары импорт көлемімен Америка Құрама Штаттары, Қытай – 163,8 млн АҚШ
доллары, Италия –159,9 млн АҚШ доллары және Германия – 112,4 млн АҚШ доллары
сияқты елдер ерекшеленеді.
Қарау саны: 66 |
|
|