Климаттың өзгеруі әсерінен әлем бойынша су тасқыны көбеюде

20.09.2024

Соңғы он жылдағы төтенше жауын-шашынның әрбір төртінші оқиғасы климаттың өзгеруімен байланысты болуы мүмкін.

Климаттың өзгеруі бүкіл әлем бойынша жауын-шашынның жиілігі мен қарқындылығына айтарлықтай әсер етуде, бұл өз кезегінде су тасқыны жиілігінің артуына алып келеді. Қазба отындарды жағудан туындаған жаһандық температураның көтерілуі планетаның көптеген аймақтарында жауын-шашынның артуына ықпал етуде.

Соңғы кездері әлемнің әртүрлі бөліктерінде қатты су тасқыны жиі орын алуда. Биыл Австрия, Чехия, Польша және Румынияда бірнеше күн жауған жаңбырдан кейін ондаған мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Оңтүстік Германия да эвакуация толқынын көрді, ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Оманда рекордты жойқын жауын-шашынға тап болды. Кениядағы су тасқыны көптеген адамдардың өмірін қиып, көшкін әкелсе, Бразилияда Ұлыбританияның көлеміндей аумақты қиратып, жарты миллионнан астам адамды босқынға айналдырды.

Бұл су тасқындарының барлығы жаһандық жылыну салдарынан жауын-шашынның көбеюі кесірінен орын алуда. Ауа температурасы көтерілген сайын оның ылғалды ұстау қабілеті артады: температура 1 градусқа көтерілген сайын ауа 7% көбірек ылғалды ұстай алады. 19 ғасырдың ортасынан бастап жаһандық ауа температурасы Цельсий бойынша шамамен 1,3 градусқа көтерілді. Бұл жауын-шашын кезінде жерге түсуі мүмкін су мөлшеріе де арттырып, су тасқынының жиі және қарқынды болуына жағдай туғызатынын білдіреді.

Температураның жоғарылауы сонымен қатар жауын-шашынның қар емес, жаңбыр ретінде жаууына себеп болады, бұл биік таулы аймақтарды су тасқыны мен көшкінге тап болу мүмкіндігін арттырады. Зерттеулер көрсеткендей, Солтүстік жарты шардың қарлы, биік таулы аймақтарында температура 1 градус Цельсийге көтерілгенде жауын-шашынның қарқындылығы орта есеппен 15% - ға артады.

Бұл өзгерістер климаттың өзгеруі экстремалды ауа райы құбылыстарын айтарлықтай арттыратынын растайды. Мысалы, егер жаһандық температура 1,5°С көтерілсе, бұрын 10 жылда бір рет болатын қарқынды жауын-шашын оқиғалары онжылдықта 1,5 есе жиі қайталанып, 10% ылғалды болады. Климатты зерттеудің заманауи әдістері сарапшыларға климаттың өзгеруі мен экстремалды ауа райы оқиғалары арасындағы себеп-салдар байланысын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеулерге сәйкес, соңғы он жылдағы жауын-шашынның әрбір төртінші төтенше оқиғасы климаттың өзгеруімен байланысты болуы мүмкін.

2000 жылдан бері тұрғылықты жерін су басу қаупі бар адамдардың саны 24%-ға өсті. Бүгінгі таңда жер шары халқының төрттен бір бөлігі, яғни 1,8 миллиардқа жуық адам, жүз жылда бір рет болатын су тасқынына бейім аймақтарда тұрады. Еуропада Германия, Франция және Нидерланды тұрғындары су басу қаупі бар аймақтарда тұрады. Кейбір елдерде су басу қаупі өте жоғары аймақтарда тұратын адамдардың саны 1985 жылдан бері 122%-ға өсті, бұл көбінесе су қоймаларының жанында орналасқан қалалардың қарқынды өсуіне байланысты.

Жаһандық жылынуды шектеу үшін шаралар қабылданбаса, төтенше су тасқыны қаупі болашақта арта береді. Температураның өнеркәсіпке дейінгі деңгейден 2°C жоғары көтерілуімен 10 жылда бір рет түсетін жауын-шашын онжылдықта 1,7 есеге дейін артып, 14%-ға қарқынды болады деп болжануда. Егер жаһандық жылыну Цельсий бойынша 4 градусқа жетсе, мұндай жаңбырлар шамамен үш есе жиі қайталанып, 30%-ке қарқынды болуы мүмкін.

Басқа Орталық Азия елдері сияқты Қазақстан үшін де климаттың өзгеруі үлкен қауіп төндіреді. Жауын-шашын үлгілері мен қарқындылығының өзгеруі кейбір аймақтарда су тасқыны мен су басудың күшеюіне әкелуі мүмкін. Температураның жоғарылауы мен жауын-шашын да мұздықтардың еруін тездетіп, көктемгі су тасқыны мен жазғы су тасқынының қаупін арттыруы мүмкін. Ел экономикасы үшін ауыл шаруашылығының маңыздылығын ескере отырып, су тасқыны ауыл шаруашылығы жерлеріне, инфрақұрылымға және азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Елдің тұрақты болашағы үшін климаттың өзгеруінің әсерін бейімдеу және азайту үшін шұғыл шаралар қажет.


Қарау саны: 127
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!