Қазақстан IMD-2024 әлемдік таланттар рейтингінде
24.09.2024
Рейтингтегі бәсекеге қабілеттіліктің негізгі құрамдас бөлігі елдің таланттарды тарту және сақтау қабілеті болып табылады. Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 1 позицияға көтеріліп, оң динамиканы көрсетіп, 37-орынға иеленді. Қазақстан Қытай (38-орын), Жаңа Зеландия (39-орын), Италия (41-орын), Катар (42-орын), Жапония (43-орын), Чили (48-орын) және Венгрия (50-орын) сияқты елдер тобына кіреді. Анықтама үшін: "Инвестициялар және даму" факторы елдің азаматтарды экономика үшін қажетті дағдылармен қамтамасыз ете отырып, олардың білімі мен кәсіптік даярлығына қаншалықты тиімді инвестициялайтынын бағалайды. "Тартымдылық" факторы елдің жергілікті және шетелдік таланттарды қаншалықты қызықтыратынын және ұстайтынын көрсетеді. "Дайындық" факторы елдегі жұмыс күшінің қаншалықты білікті екенін және оның экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келетіндігін бағалайды. Қазақстанның позициясын арттыруға "Инвестициялар және даму" факторының жақсаруы әсер етті, ол бойынша ел, өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда, 3 тармаққа көтеріліп, 25-орынға ие болды. Фактор шеңберіндегі ең үлкен өзгеріс білім беруге мемлекеттік шығыстар бойынша байқалады (2021 жылы 5,2%), ол бойынша елдің позициясы 7 тармаққа (20 орын) көтерілді. Сондай-ақ, респонденттердің жоғары бағаларының арқасында (10 балдан 7 балл) ел қызметкерлерді ұйымдарда оқыту бойынша позициясын 17-орыннан 13-орынға жақсартты. "Дайындық" факторы бойынша көрсеткіш мәнінің 4 балға (39,8) төмендеуіне қарамастан, Қазақстанның позициясы өзгеріссіз қалды – 44-орын. Бұл ретте, респонденттердің құзыретті топ-менеджерлердің қолжетімділігіне қатысты пікірлерінің күрт жақсарғаны байқалады (2023 жылғы 30-орыннан 2024 жылғы 15-орынға дейін). "Тартымдылық" факторы бойынша респонденттердің өмір сапасына қатысты пікірлерінің нашарлауына (49-орыннан 52-орынға дейін), таланттарды тартуға және ұстап қалуға (38-орыннан 40-орынға дейін төмендеу) байланысты елдің позициясы 4-тармаққа төмендеді (46-орынға). Қазақстан өмір сүру құнының индексі – 3-орын (47,57) және орта білім берудегі оқушылар мен мұғалімдердің арақатынасы – 3-орын (бір мұғалімге 8,28 оқушы) сияқты көрсеткіштер бойынша бәсекелестік позицияларды ұстап тұруын жалғастыруда. Рейтингте Швейцария тұрақты көшбасшы болып қала береді. Ел жергілікті таланттарды дамыту, шетелдік таланттарды тарту және оларды сақтау арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсетуде. Бұдан әрі рейтингте Сингапур (2-орын), Люксембург (3-орын), Швеция (4-орын) және Дания (5-орын) болды. Таланттар рейтингіне қатысатын елдердің көпшілігі (Исландия, Бельгия, Нидерланды, Швейцария және Германия) шетелдік таланттарды тарту орталығы болып табылатынын айта кеткен жөн, олар үлкен перспективалар, қауіпсіздік пен тұрақтылық сезімі халықаралық ұтқырлықтың негізгі факторы екенін көрсетеді. Баяндаманың (IMD World Talent Ranking report 2024) негізгі қорытындысы ретінде жасанды интеллект (ЖИ) дамыған сайын таланттарды сақтау мәселесі артып келетіні аталады. Әртүрлі салаларға жасанды интеллект енгізу еңбек нарығын өзгертеді, қызметкерлерді басқару мен ынталандыруда жаңа қиындықтар туғызады. Рейтингке қатысқан елдерден 6 612 респонденттің ішінде 58%-ы ЖИ негізінен қызметкерлер орындайтын тапсырмаларды жақсарту үшін қолданылады деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 23%-ы ЖИ операциялық процестерге біріктірілмеген деп санайды. Респонденттердің 12%-ы жасанды интеллект қолданыстағы міндеттерді алмастыратынын, бұл жұмыс күшінің қысқаруына әкелетінін хабарлады, бұл ретте, 7%-ы бұл жұмыстан шығаруға немесе ерте зейнетке шығуға ықпал етеді деп санайды. Сондай-ақ, әйелдер басым секторлардағы жұмыс орындарының қысқаруы әйелдердің еңбек нарығына қатысуын арттырудағы соңғы онжылдықтардағы жетістіктерге қауіп төндіруі мүмкін, бұл гендерлік теңсіздіктің жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев "Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектті кеңінен қолдану мен цифрлық технологияларды дамыту өзектілігін атап өтті. Осыған байланысты, ЖИ дәуірінде таланттарды ұстап қалу Үкімет пен компаниялардың белсенді және кешенді тәсілін, соның ішінде қызметкерлерді ЖИ-пен байланысты жаңа дағдылар мен технологияларға оқытуды инвестициялау, сондай-ақ тартымды еңбек жағдайларын жасау шараларын талап етеді.
Қарау саны: 264 |
|
|