ҚР мемлекеттік органдарына арналған ЭЫДҰ-мен өзара әрекеттесу мәселелері жөніндегі семинар

25.09.2024

18-24 қыркүйек аралығында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ алаңында Қазақстанның ЭЫДҰ-на кіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға арналған түсіндіру семинарларының топтамасы өтті. 


Отырысқа мемлекеттік органдардан 40-тан астам өкіл қатысты, атап айтқанда, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің департаменттері, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және т.б. 


Іс-шараның өту мақсаты – ҚР-ның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылының ағымдағы мәртебесі туралы ақпаратты тарату, сондай-ақ ЭЫДҰ стандарттарын енгізу процесінің тиімділігін арттыру және оларға жақындату.

Семинар барысында қатысушылар ЭЫДҰ ұйымдық құрылымымен, оның ішінде стандарттар, елді әлеуетті мүшелікке бағалау критерийлері және басқа аспектілер туралы ақпаратпен танысты. 

Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың өкілдері елдің осы ұйымға кіру артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мәселелерді қозғады, тиісінше ЭЫДҰ-мен өзара әрекеттесу шеңберінде бар мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар жасалды.


Жалпы алғанда, мұндай семинарлар мемлекеттік басқару сапасын арттыру және орнықты экономикалық реформаларды іске асыру арқылы Қазақстанның халықаралық экономикалық процестерге интеграциясын күшейтуге және тереңдетуге бағытталған.

Қорытынды бөлімде ҚР мемлекеттік органдарының ЭЫДҰ жұмыс органдарымен ынтымақтастық сапасын күшейту және жақсарту бойынша одан әрі қадамдар қаралды. 


Қарау саны: 67
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!