ХВҚ-мен кездесу: Қазақстанның климаттық саясатын талқылау

25.09.2024

25 қыркүйекте Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстан Республикасындағы Тұрақты Өкілдігі мен "экономикалық зерттеулер институты" АҚ (Институт) арасында кездесу өтті.


ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясы ел туралы экономикалық және қаржылық ақпаратты жинау және талқылау мақсатында 2024 жылғы ХВҚ Жарғысының IV бабы шеңберінде республиканың ресми органдарымен консультациялар өткізуге бағытталған. Қазақстан Республикасы 1992 жылдан бастап ХВҚ мүшесі болып табылады.

Кездесуге институт Басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Таутенов, Климаттың өзгеруі орталығы директорының орынбасары Балтабай Сыздықов және ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің климат мәселелері жөніндегі маманы Разан Әл Хумаиди қатысты.


Кездесу барысында климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық сын-қатерлер аясында Қазақстанның климаттық саясатын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылау елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі күш-жігерін, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларында парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған шараларды қозғады.


Сондай-ақ, климаттық өзгерістерге бейімделу мәселелері, Климаттық көрсеткіштер бойынша мониторинг пен есептілікті күшейту қажеттілігі талқыланды.


Қарау саны: 80
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!