Трансферттерге 2023 жылғы шығындар

26.09.2024

Трансферттерге арналған шығындар дәстүрлі түрде Қазақстанның республикалық бюджеті шығындарының едәуір үлесін алады, алайда, 2023 жылы олар тіпті әлеуметтік қолдау мен қамтамасыз ету шығындарынан асып түсіп, бюджеттің ең үлкен шығыны болды. Трансферттер республикалық бюджеттің барлық шығындарынан 23,2% құрады (2022 жылы 12,7%). Трансферттер көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы 2,2 есе 4 995,1 млрд теңгеге дейін өсті (2022 жылы 2 265,1 млрд теңге).


Республикалық бюджеттің трансферттеріне жұмсалатын шығындар жергілікті бюджеттердің субвенциялар түріндегі түсімдері болып табылатынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Қазақстанның 20 өңірінің 17-сі республикалық бюджеттің субвенцияларына тәуелді болып табылады, олардың мөлшері жыл сайын артып келеді. Осылайша, 2019 жылдан 2023 жылға дейін республикалық бюджеттен субвенциялар мөлшері 2019 жылғы 1,6 трлн теңгеден 2023 жылы 5,0 трлн теңгеге дейін 3 еседен астам өсті.

Ең тәуелді ТОП-5 аймақтың қатарына елдің батыс және солтүстік аймақтары жатады:
- Ақтөбе облысы (субвенциялардың 2019 жылғы 55,8 млрд теңгеден 2023 жылы 280,0 млрд теңгеге дейін 5,0 есе өсуі);
- Батыс Қазақстан облысы (субвенциялардың 2019 жылғы 51,4 млрд теңгеден 2023 жылы 211,0 млрд теңгеге дейін 4,1 есе өсуі);
- Солтүстік Қазақстан облысы (субвенциялардың 3,2 есе 2019 жылғы 96,4 млрд теңгеден 2023 жылы 306,3 млрд теңгеге дейін өсуі);
- Ақмола облысы (субвенциялардың 2019 жылғы 104,5 млрд теңгеден 2023 жылы 333,4 млрд теңгеге дейін 3,2 есе өсуі);
- Қарағанды облысы (субвенциялардың 2019 жылғы 100,7 млрд теңгеден 2023 жылы 312,1 млрд теңгеге дейін 3,1 есе өсуі).

Республикалық бюджет шығындарының құрылымында трансферттердің үлесі өскенімен, жергілікті бюджеттерде керісінше динамика байқалады. Жергілікті бюджеттер шығындарының құрылымында 2023 жылы трансферттер 3,9% құрады (2022 жылы 9,4%). Трансферттердің абсолюттік мәні 2022 жылмен салыстырғанда 48,4%-ға төмендеп, 2023 жылы 507,2 млрд теңгеге жетті (2022 жылы 983,0 млрд теңге).

Өткен жылы трансферттерге жұмсалатын шығындардың ең көп үлесі бар өңірлердің үштігі Алматы қаласы – 42,5% (2022 жылы 24,4%), Атырау облысы – 31,3% (2022 жылы 28,6%) және Астана қаласы – 14,7% (2022 жылы 6,7%) болды. Трансферттерге жұмсалған шығындардың ең аз үлесі Қызылорда облысында тіркелді – 0,1% (2022 жылы 1,2%).



Қарау саны: 84
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!