Алматы облысының "көлік және қоймалау" инвестицияларының рекордтық көлемі
26.09.2024
Алматы облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 423,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32,4%-ға жоғары (320,1 млрд теңге). "Көлік және қоймалау" өңірдегі инвестициялардың негізгі салаларының бірі болып табылады. Бұл секторға Алматы облысының инвестицияларының жалпы көлемінен 28,0% немесе 118,7 млрд теңге тиесілі. Облыстың "көлік және қоймалау" секторына инвестициялар көлемі 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 2020 жылдан бастап рекордтық деңгейге жеткенін айта кеткен жөн. Өңірдегі инвестициялар көлемінің өсуі "көлік және қоймалауға" инвестициялар көлемінің 45,5 млрд теңгеден 118,7 млрд теңгеге дейін күрт секіруіне байланысты. Атап айтқанда, 7,4 млрд теңгеден 53,8 млрд теңгеге дейін өскен "құрлық және құбыр көлігінің қызметіне" инвестициялар көлемі, сондай-ақ "жүктерді жинау және қосалқы көлік қызметі" 38,0 млрд теңгеден 64,9 млрд теңгеге дейін өсті. Облыстағы "көлік және қоймалау" секторына инвестициялардың өсуі KTZE Khorgos Gateway Құрғақ портының дамуымен байланысты. Портта вагондарды жөндеуге арналған қосымша сұрыптау жолдары мен объектілердің құрылысы басталды. Порт қуаты жылына 800 мың контейнерге дейін артады. Бұл жоба Қытай, Еуропа және Орталық Азия арасындағы жүк ағынының өсуін қолдау арқылы аймақтың транзиттік әлеуетін жақсартады (жылдық өсім 20-30% құрайды). Алматы облысы әкімінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының делегациясымен ресми кездесуі барысында "Қалжат" Құрғақ портының жобасын дамыту жоспарланып отырғаны айтылды. Бұл порт Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын ұлғайтуға арналған негізгі көліктік-логистикалық алаң болып табылады. Портта өткізу қабілетін арттыру үшін инфрақұрылымдық объектілер белсенді түрде жаңғыртылуда, бұл елеулі инвестициялар тартады және өңірдің халықаралық экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. Салаға инвестициялардың айтарлықтай өсуі халықаралық байланыстарды күшейту үшін көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, логистикаға және қоймалауға қомақты инвестициялармен негізделеді.
Қарау саны: 74 |
|
|