Қазақстан моноқалалары

27.09.2024

Жоспарлы экономика мұраларының бірі монопрофильді елді мекендер - моноқалалар болды, бұнда өнеркәсіптік өндіріс пен еңбекке қабілетті халықтың негізгі бөлігі бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорындарға, әдетте бір бейінге және шикізат бағытына бағытталған. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 моноқала бар, олардың халық саны 1,37 млн. адам немесе еліміздің барлық қалалық халқынан 11% құрайды.

Моноқаланы шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Қалалар - өнеркәсіп орталықтары:

1) тау-кен өнеркәсібі басым дамыған қалалар - 15 қала:
  1. көмір өндіру – Абай, Шахтинск, Екібастұз;
  2. мұнай және газ өндіру – Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен;
  3. металл кендерін өндіру – Балқаш, Алтай, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Хромтау;
  4. шикізат ресурстарының өзге де түрлерін өндіру – Жетіқара.

2) өңдеу өнеркәсібі басым дамыған қалалар - 4 қала:
  1. машина жасау, металлургия өнеркәсібі (алтын), уран өндірісі – Степногорск;
  2. металлургия өнеркәсібі – Ақсу, Сәтпаев, Теміртау;
2. Ғылыми-өнеркәсіптік орталық – Курчатов. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,5 трлн. теңге, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15%-ға төмен. Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2023 жылы 4 172 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда (3 690 млрд.тенге) 13%-ға өскенін көрсетеді. 


2022-2023 жылдар кезеңінде моноқалалардағы белсенді ШОБ субъектілерінің саны 92,3 мыңнан 100,2 мың бірлікке дейін ұлғайды.


Қарау саны: 83
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!