Жаһандық инновациялық индекс 2024

27.09.2024

26 қыркүйекте 2024 жылғы Жаһандық инновациялық индекстің (бұдан әрі – Индекс) нәтижелері жарияланды.

Қазақстан Индексте, өткен жылмен салыстырғанда, 3 позицияға көтеріліп, 25,7 балл нәтижесімен 133 елдің ішінде 78-орынды иеленді (81 орын). 
Сонымен қатар, Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азияның 10 экономикасы арасында 3-орынды (Үндістан мен Ираннан кейін), сондай-ақ табыс деңгейі орташадан жоғары 34 ел арасында 22-орынды алатынын атап өткен жөн.

Зерттеу негізінен 2022 және 2023 жылдардағы деректерді ұсынады (барлық деректердің 80%-ы).

2024 жылғы Индекстің қорытындысы бойынша Қазақстан бағалаудың барлық 7 факторы бойынша 3-ші (34-66 орын) және 2-ші квартиль (67-99 орын) шегінде орналасқан. Осылайша, екі фактор бойынша (адами капитал және ғылым, бизнесті дамыту) Қазақстан 3-квартилде, ал қалған бес фактор бойынша 2-орында тұр.


7 фактордың 3-і ("Бизнесті дамыту", "Креативті қызметті дамыту" және "Ішкі нарықты дамыту") бойынша жақсару байқалады.

Бұл ретте, 3 фактордың ішінде "Бизнесті дамыту" факторы бойынша анағұрлым елеулі өсім байқалады, ол бойынша позициясы 9 тармаққа көтерілді. Зерттеулер мен әзірлемелер саласында университеттер мен бизнес арасындағы ынтымақтастыққа қатысты респонденттердің пікірінің жақсаруы күрт өсуге ықпал етті.

"Креативті қызметті дамыту" факторы бойынша ел позициясының артуы креативті тауарлар экспортының 0,7%-ға (2021 жылғы жалпы сауда көлемінен 0,2%-дан 2022 жылғы 0,9%-ға дейін), ұлттық көркем фильмдер өндірісінің ұлғаюына (2021 жылы 15-69 жас аралығындағы миллион тұрғынға шаққанда 1-ден 2022 жылы 4,5-ке дейін) байланысты болды. Бұдан басқа, "Онлайн-креативтілік" субфакторы шеңберінде тіркелген жоғарғы деңгейдегі домендердің саны бойынша күрт өсу байқалды (2022 жылы 15-69 жас аралығындағы мың тұрғынға шаққанда 0,4-тен 2023 жылы 2,0-ге дейін).

Индекстегі елдің позициясының жақсарғанына қарамастан, әлсіз тұстары да байқалды. Осылайша, ел 4 фактор бойынша өз позициясын нашарлатты ("Институттар", "Инфрақұрылым", "Адами капитал және ғылым", "Технологиялар мен білім экономикасын дамыту").

Бұл ретте, ең үлкен нашарлау "Институттар" факторы бойынша байқалды (15 тармаққа төмендеу), бұған "Бизнес үшін операциялық тұрақтылық" (71-орыннан 78-орынға) және "Нормативтік сапа" (66-орыннан 72-орынға) сияқты индекстік көрсеткіштер бойынша позициялардың төмендеуі әсер етті. "Инфрақұрылым" факторы бөлінісінде "АКТ-ға қолжетімділік" индексі бойынша барынша төмендеу байқалды (8 тармаққа 41-орыннан 49-орынға).
Швейцария, Швеция, АҚШ, Сингапур және Ұлыбритания 2024 жылғы рейтингте көш бастап тұр. 

Қытай, Үндістан, Индонезия, Иран, Филиппиндер, Түркия, Вьетнам және Марокко – 2013 жылдан бері Индексте ең жоғары өсімге қол жеткізген үздік-70 елдің қатарына кіретін орташа табыспен елдер.

Сингапур 2024 жылы 78 көрсеткіштің 14-і бойынша әлем бойынша 1-орында тұрған инновациялық даму көрсеткіштерінің саны бойынша көшбасшы болып табылады. Олардан кейін АҚШ (78-ден 9) және Қытай (78-ден 8) тұр.

Микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша 1-орында тұрған Боливия, Камбоджа және Непал сияқты табысы орташа және төмен елдердің көшбасшылық позициялары, Малайзия ғылым мен техника саласындағы түлектері бойынша, ал Мексика креативті тауарлар экспорты бойынша инновациялар әлеміндегі жетістіктер болып табылады. 

Марокко өнеркәсіптік дизайн бойынша, Иран сауда белгілері бойынша, ал Намибия білім беру шығындары бойынша көш бастап тұр.

Жалпы алғанда, Индекстің нәтижелері ғылым мен инновацияға салынатын инвестициялардың едәуір төмендеуін, технологиялардың қарқынды дамуын, инновацияларды жедел енгізуді, инновациялардың оң әлеуметтік-экономикалық әсерін, сондай-ақ жасыл технологиялар саласындағы ілгерілістің баяулауын көрсетеді. 2020 және 2021 жылдары жылына 8%-дан жоғары өсу қарқынынан және 2022 жылы баяулағаннан кейін ғылыми жарияланымдар саны 2023 жылы 5%-ға қысқарды.

Дүниежүзінде корпорациялардың ҒЗТКЖ-ға шығындары 2023 жылы нақты мәнде шамамен 6%-ға өсті, бұл соңғы 6 жылдағы ұзақ мерзімді өсу қарқынынан төмен (шамамен 8%) және 2019 және 2021 жылдар аралығындағы 10-13% шыңдарынан, сондай-ақ пандемияға дейінгі өсу қарқынынан едәуір төмен.

2021 жылдан бері тоқырауға ұшыраған халықаралық патенттік өтінімдердің саны 2023 жылы 1,8%-ға қысқарды, бұл 2009 жылдан бергі алғашқы осындай төмендеу болды.

2023 жылы технологиялық ілгеріліс, әсіресе денсаулық сақтау (мысалы, геномдық реттілік), есептеу қуаты және электр батареялары сияқты салаларда маңызды болып қала берді.

Технологияны енгізу 2023 жылы барлық көрсеткіштер, әсіресе 5G, робототехника және электромобильдер бойынша өсті.

Осылайша, жоғарыда келтірілген сұрақтардың өзектілігін ескере отырып, Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары шеңберінде, елдің инновациялық әлеуетін кешенді дамыту, оның сапалы жаңа деңгейге көшуі, сондай-ақ олардың ел экономикасына қосқан үлесін біртіндеп арттыра отырып, креативті индустрияларды дамыту бойынша негізгі тәсілдер көзделген. 


Қарау саны: 111
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!