Қазақстанда егде жастағы халықпен жүктеменің өсуі күтілуде

04.10.2024

Ұзақ уақыт бойы демографтар мен экономистер халықтың саны мен өсуінің экономикалық дамуға ықтимал әсері туралы пікірталас жүргізіп келеді. Алайда, жақын уақыттан бері халықтың жас құрылымы үлкен маңызға ие болды.

Демографиялық жүктеме деңгейіне байланысты (100 адамға шаққанда балалар мен егде жастағы халықтың үлесі) елдерді бірнеше түрге бөлуге болады:
  • Балалармен жоғары жүктеме: Балалармен жүктеме жоғары (≥ 45) және егде жастағы халықпен жүктеме төмен елдер (<15).
  • Балалармен орташа жүктеме: Балалармен жүктеме орташа (≥25 және <45) және егде жастағы халықпен жүктеме төмен (<15) елдер.
  • Қос жүктеме: Балалармен жүктеме қалыпты (≥25 және <45) және егде жастағы халықпен жүктеме жоғары (≥15) елдер.
  • Жалпы төмен жүктеме: Балалармен жүктеме төмен (<25) және егде жастағы халықпен жүктеме төмен (<15) елдер.
  • Жалпы жоғары жүктеме: Балалармен жүктеме жоғары (≥ 45) және егде жастағы халықпен жүктеме жоғары (≥15) елдер.

Барлық осы түрлердің ішінде балалардың қалыпты жүктемесі экономика үшін қолайлы. Бұл типтегі салыстырмалы түрде жоғары үлес еңбекке жарамды жастағы халықты құрайды, егде жастағы халықпен жүктеме әлі де төмен. Жалпы төмен жүктеме де қолайлы, бірақ бұл еңбекке жарамды жастағы халықтың үздіксіз иммиграциясы орын алатын бірнеше елдерге тән.

Қазіргі уақытта Қазақстан балалармен жүктеме жоғары елдер қатарына жатады. 2024 жылдың басындағы жағдай бойынша елімізде еңбекке жарамды 100 адамға 47,2 бала және 14,3 егде жастағы адам сәйкес келеді.

Елде егде жастағы халықпен жүктеме біртіндеп артатын болады. Демографиялық болжау нәтижелері 2040 жылға қарай егде жастағы халықпен жүктеме еңбекке жарамды жастағы 100 адамға шаққанда 19,0-ге дейін артатынын көрсетеді. 

Қазіргі бала туу деңгейі сақталған жағдайда, Қазақстан қос жүктемемен елдер қатарына кіруі мүмкін.

Сондай-ақ, көптеген ұрпақтың еңбекке жарамды жасқа көшуін ескере отырып, елде еңбекке жарамды жастағы халық санының өсуі күтілетінін атап өткен жөн. 

Қазір балалардың денсаулығы мен біліміне инвестициялар салу маңызды, бұл болашақта еңбекке жарамды жастағы халықтың экономикаға қосар үлесінің өнімділігіне едәуір әсер етеді.


Қарау саны: 60
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!