“Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?”

14.10.2024

Технологиялық инфрақұрылымның дамуын бағалайтын көрсеткіштерді жариялауды жалғастыра отырып, АКТ пайдалану индексін қарастырайық.

АКТ пайдалану - бұл Жаһандық инновациялар индексінің (бұдан әрі – ЖИИ) “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” субфакторы шеңберінде көзделген жиынтық индекс. АКТ-ны пайдалану келесі өлшенген көрсеткіштерді қамтиды: 1) Тіркелген Интернетке кең жолақты қолжетімділік қызметтерінің себеті (жан басына шаққандағы ЖҰӨ %); 2) Тіркелген Интернетке кең жолақты қолжетімділік трафигі (жазылым үшін ГБ); 3) Тұтынудың жоғары деңгейімен деректер мен дауысты мобильді берудің тұтынушылық себеті (жан басына шаққандағы ЖҰӨ %); 4) Ел ішіндегі Интернетке мобильді кең жолақты қолжетімділік трафигі (жазылым үшін ГБ); 5) 100 адамға шаққандағы мобильді кең жолақты байланыстың белсенді абоненттерінің саны. 

Индекс Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының және Дүниежүзілік телекоммуникация/АКТ көрсеткіштерінің дерекқорының мәліметтері негізінде жасалады. 2024 жылғы рейтингте 2022 жылғы деректер пайдаланылды.

2024 жылғы ЖИИ-да “АКТ пайдалану” көрсеткіші бойынша Қазақстан 82,8 мәнімен 125 елдің арасында 41-орында тұр, өз позициясын, алдыңғы рейтингпен салыстырғанда, 14 тармаққа жақсартты (80,9 мәнімен 55-орын).


Жетекші орындарды Кувейт (100), Эстония (96,3) және Финляндия (95,3) алады. 
Рейтингтің аутсайдерлері – Африка елдері - Мали, Мозамбик және Буркина Фасо. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, АКТ қолданудың негізгі көрсеткіштері оң динамиканы көрсетеді. Кең жолақты Интернеттің стационарлық абоненттерінің саны 3 058,9 мың бірлікке дейін жетті, 100 адамға шаққандағы жоғары жылдамдықты кең жолақты қолжетімділікті пайдаланумен Интернетке қол жеткізе алатын ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 112 адамды құрады, жыл сайын Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік трафигі артып келеді.


АКТ инфрақұрылымын дамыту бойынша әртүрлі бағдарламаларды іске асыру байланыс сапасын жақсартуға және Интернет желісінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді, бұл халық үшін сымды және сымсыз кең жолақты Интернет трафигінің ұлғаюына әсер етті. Шалғайдағы елді-мекендердің Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды енгізу жоспарлануда. 5G технологияларын дамыту және енгізу сымды байланыс жоқ немесе жеткіліксіз дамыған аумақтарда сұранысты қанағаттандыруға ықпал ететін қызметтердің пайда болуына мүмкіндік береді. Ел бойынша байланыс сапасының мониторингі үшін “Телекоммуникациялардың цифрлық картасы” іске қосылады, ол арқылы халық бүкіл ел бойынша жұмыс сапасы мен Интернет желісінің қолжетімділігін дербес бағалайды.


Қарау саны: 75
Сақталған: 13.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!