2024 жылғы 8 қазанда Алматы қаласында Солтүстік және Орталық Азия елдері үшін Ерікті ұлттық шолуларды (ЕҰШ) дайындау жөніндегі семинар өтті.
09.10.2024
Аталған семинарды ЭСКАТО-ның Субөңірлік бөлімшесі Солтүстік және Орталық Азияның Орнықты даму саласындағы мақсаттарды (ОДМ) іске асыру жөніндегі сегізінші көпжақты форумы шеңберінде ұйымдастырды. Іс-шараға Орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке сектордың, қоғамдық қозғалыстардың, ғылыми мекемелердің өкілдері және Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның тәуелсіз сарапшылары қатысты. Іс-шара гибридті (офлайн және онлайн) форматта өткізілді. Аталған іс-шарада Қазақстан атынан «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма Төрағасы Сарсенбаева А.Е. және ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Жанназарова Н.А. өкілдік етті. Асель Сарсенбаева Мемлекеттік саясатқа ОДМ интеграциялау үшін мүдделі тараптарды тарту және есептілік процестерін пайдалану жөніндегі сессиясында спикер және бірлескен модератор болды. Өз баяндамасында ол Қазақстанның ОДМ іске асыру тәжірибесі туралы айтты. Ол елімізде ОДМ іске асыру және Ерікті Шолуды дайындау процесіне азаматтық сектордың тартылу деңгейін арттыру бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өңірлерде, әсіресе республикалық маңызы бар қалаларда азаматтық қоғамның белсенділігі атап өтілді. Сонымен қатар, Сарсенбаева ханым ОДМ-ын оқшаулау бойынша Қазақстанның тәжірибесімен, оның ішінде Экономикалық зерттеулер институты мен БҰҰДБ бірлескен зерттеулерінің нәтижелері туралы бөлісті. Зерттеулер шеңберінде ОДМ оқшаулау әдістемесі және ел өңірлері үшін ОДМ индикаторларының тізбесінің жобасы әзірленді. Жалпы, семинар аясында қатысушылар ОДМ іске асыру және ЕҰШ дайындау бойынша тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ жекелеген елдерде орнықты даму мақсаттарын іске асыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Қарау саны: 77 |
|
|