Елдер бойынша инфляция (қыркүйек, 2024ж.)

15.10.2024

2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанда тұтынушылық инфляция, тамыздағы 8,4%-бен салыстырғанда, 8,3%-ға дейін төмендеді.

Еуропа мен АҚШ елдерінде инфляция орта есеппен 0,7%-6% аралығында тұр. Минималды көрсеткіштер Литвада (0,5%), Словенияда (0,6%), Швейцарияда (0,6%), ал максималды мәндер Исландияда (5,6%) және Румынияда (4,6%) тіркелген. Еуроаймақтағы жылдық деңгей ағымдағы жылдың қыркүйегінде 1,8%-ға дейін төмендеді, бұл бұл 2021 жылғы сәуірден бергі ең төменгі көрсеткіш (2,2%) болып табылады. Бұл құлдырау негізінен энергия бағасының күрт төмендеуімен және энергетикалық емес өнеркәсіптік тауарлар бағасының өсуінің баяулауымен байланысты. АҚШ жылдық инфляция деңгейі қатарынан алтыншы рет 2,4%-ға дейін баяулады, бұл 2021 жылғы ақпаннан бергі ең төменгі көрсеткіш (2,9%) болып табылады. Энергия құны 6,8%-ға төмендеді, негізінен бензин (-15,3%), мазут (-22,4%) есебінен, бұл ретте, табиғи газ бағасы қалпына келді (2,0%).

Жақын елдер арасындағы инфляция бойынша Түркия көшбасшы болып қала береді, ағымдағы жылғы тамыздағы 51,9%-бен салыстырғанда, жылдық инфляция қыркүйек айында 49,4% құрайды. Аргентина әлемдегі инфляция бойынша көшбасшы болып қала береді, бұнда қыркүйек айында инфляция 236,7%-дан 209,0%-ға дейін төмендеді.

Қазақстандағы инфляция деңгейі ТМД елдері арасында жоғары деңгейде қалып отыр. Көрші елдерде инфляция Өзбекстанда 10,4% және Қырғызстанда 3,8% құрады*. Ресейдегі* инфляцияның жылдық деңгейі 9,1% құрады, бұл бұл 2023 жылғы ақпаннан бергі ең жоғары көрсеткіш болып табылады, шілдемен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр. Қызметтерге бағасы 11,7%-ға өсімді жалғастырды, ал азық-түлік өнімдеріне 9,7% деңгейінде жоғары болып қалды. Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 6,1%-ға дейін баяулады.

Қытайда* жылдық инфляция, шілдедегі 0,5%-бен салыстырғанда, 0,6%-ға дейін өсті.  Азық-түлік тауарларына баға, 2023 жылғы тамызбен салыстырғанда, 2,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға баға 0,2%-ға, тұтыну тауарларына баға 0,7%-ға өсті.
 


Қарау саны: 80
Сақталған: 15.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!