ШОБ сандармен: Көлік және қоймалау

21.10.2024

Өзінің бірегей орналасуының арқасында Қазақстан елеулі көліктік-транзиттік әлеуетке ие. Ел аумағы арқылы өтетін Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік бағыттар осы трансқұрлықтық ағындардың 20%-на дейін қызмет ете отырып, осы әлеуетті толық ашуға мүмкіндік береді. 

Бүгін "ШОБ сандармен" айдары аясында, бүкіл ел бойынша тауарлар мен қызметтердің логистикалық қолдауы мен қозғалысын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын көлік және қоймалау саласын қарастыратын боламыз. Бұл сектор экономиканың әртүрлі салалары арасындағы байланысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ көтерме сауда және өндіріс сияқты байланысты секторлардың дамуын да ынталандырады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Көлік және қоймалау саласында 109 975 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, олардың ішінде 91,7% жұмыс істейді. Осы секторда жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің үлесі республика бойынша ШОК жалпы санынан 5% құрайды.

2024 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша ШОБ-та көлік және қоймалау секторында жұмыс істейтін бір адам 5,4 млн. теңге сомасына өнім шығарды. Осы кезеңде ШОК субъектілерінің өнім шығарудың жалпы көлемі 1,2 трлн. Теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 33,7%-ға артық және осы көрсеткіш бойынша барлық салалар арасында 4-орынды алады. Бұл өсім ел ішінде де, халықаралық нарықтарда да тасымалдау және сақтау қызметтеріне сұраныстың артуын растайды. 

Көлік және қоймалау секторы 225 459 адамға жұмыс орындарын қамтамасыз ете отырып, ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны бойынша салалар арасында 6-орында тұр. 2023 жылмен салыстырғанда, осы саладағы жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің саны 14,7%-ға ұлғайды. Бұл көрсеткіштер сектордағы өсу мен дамудың оң динамикасын көрсетеді.

Көлік және қоймалау секторының елдің ЖІӨ-не қосқан үлесі 6% құрайды, бұл оның Қазақстан экономикасы үшін маңызын растайды. 2024 жылдың 1-тоқсанындағы жағдай бойынша сектордың жалпы үлесі 1,55 трлн. теңгені құрайды. 

Осы бағыттың стратегиялық маңыздылығын түсіне отырып, Қазақстан басшылығы республиканың жаһандық және өңірлік экономикаларға интеграциялануына ықпал ете отырып, көлік саласын белсенді дамытып жатыр. Осылайша, Қазақстан Республикасының Көліктік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасымен 2030 жылға қарай еңбек өнімділігінің 29.3%-ға дейін өсімі, негізгі капиталға инвестициялардың 98.4%-ға дейін өсімі, автожолдарды нормативтік техникалық жай-күйге келтіру және күтіп ұстау, жеке тасымалдаушылардың үлесін ұлғайту, Қазақстан аумағы арқылы транзит көлемінің өсуі және т.б. сияқты өршіл нысаналы индикаторлар алдыға қойылды.

Осылайша, Көлік және қоймалау секторы жұмыс орындарын қамтамасыз ете отырып, логистикалық инфрақұрылымды қолдап, елдің ЖІӨ-не елеулі үлес қоса отырып, Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту үшін негізгі міндеттердің бірі болып қала береді. Болашақта технологияларды дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қолдайтын одан әрі өсім күтілуде.


Қарау саны: 77
Сақталған: 18.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!