ШОБ сандармен: Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

21.10.2024

"ШОБ сандармен" айдарының күн тәртібінде – субъектілер саны, жұмыспен қамтылғандар саны және өнім шығару бойынша Қазақстан экономикасының салалары арасында абсолютті көшбасшы. Сіздер ойлағандай, бұл қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі – Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқаратын "көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу".

Сауда саласында бизнес субъектілерінің шамамен 36%-ы жұмылдырылған, 1,3 млн адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымы 20,3%-ға өсіп, 61 трлн теңгені құрады. 2023 жылғы сыртқы сауда 3,2% өсімді қамтамасыз етіп, 139,8 млрд. долларға жетті. Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспорты 1,1%-ға өсті. Бұл ретте, шикізаттық емес экспорттың номенклатурасы 141 позицияға ұлғайып, бүгінгі күні 3375-ке дейін жетті, географиясы 134 елге дейін кеңейтілді.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу секторы тіркелген 781 мың ШОБ субъектісімен ұсынылған, олардың ішінде 92%-ы жұмыс істейді. Бұл ретте, бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің үлесі 35,6% құрайды, бұл екінші, үшінші және төртінші орын алатын салалардың жиынтық үлесінен едәуір артық, атап айтқанда, басқа да қызмет түрлерін ұсыну (14.9%); ауыл, орман және балық шаруашылығы (14.9%); өңдеу өнеркәсібі (5.3%).

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласының үлесі елдің ЖІӨ-де елеулі болып қала береді және 16.6% деңгейінде айқындалады. 

2024 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы осы саланың субъектілері 5.2 трлн теңгеге өнім шығарды. Бұл сектор ШОБ-та жұмыс істейтіндердің үштен бірінен астамын жұмыспен қамтамасыз ететінін ескере отырып, осы сектордың 1 субъектісінің тек 4 млн теңгеге өнім шығару фактісі сектордың өнімділігі төмен сектор ретінде көбірек сараланатынын айғақтайды. 

Бұл ретте, осы саладағы өнім шығарудың жалпы үлесі бүкіл республикаға қатысты шамамен 31% құрайды. 

ШОБ көтерме және бөлшек саудада, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуде шамамен 1.3 млн адам жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бұл саланың жұмыс орындарын құру және елдегі жұмыспен қамту үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу секторы жұмыспен қамтудың маңызды көзі болып қана қоймай, сондай-ақ шағын және орта бизнестің барлық салалары арасында негізгі көрсеткіштер бойынша көшбасшы орын алып, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді.


Қарау саны: 73
Сақталған: 20.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!