Австралияның Ұлттық байланыс орталығына (бұдан әрі – ҰБО) 2014 жылы

22.10.2024

Австралияның Ұлттық байланыс орталығына (бұдан әрі – ҰБО) 2014 жылы ANZ Group-қа қарсы "Әділетті Камбоджа" үкіметтік емес ұйымдары және Халықаралық инклюзивті даму ұйымы берген кейс ҰБО дауларды реттеуге және корпоративтік ортада адам құқықтарын ілгерілетуге қалай ықпал ететінін айқын көрсетеді.

ANZ Group, 34 елде 9 миллионнан астам клиенті бар халықаралық банк, ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын бұзды деп айыпталды. Айыптаулар Камбоджидегі Phnom Penh Sugar Co. Ltd компаниясының (бұдан әрі – PPS) қант жобасын қаржыландыруға қатысты болды, оның нәтижесінде 681 отбасы өз жерлерінен күштеп айырылды, сондай-ақ еріксіз қамауға алу, қорқыту, балалар еңбегін пайдалану және қауіпті еңбек жағдайлары да тіркелді. Өтініш берушілер ANZ-тен зардап шеккен отбасыларға өтемақы өндірумен қатар, болашақта осындай бұзушылықтардың алдын алу үшін корпоративтік саясатты әзірлеуді талап етті.

ҰБО міндеті ANS және өтініш берушілер арасындағы құпия диалогты ұйымдастыру және ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу стандарттары бойынша банк әрекеттерінің сәйкестігін бағалау болды. Өткізілген келіссөздер мен телеконференцияларға қарамастан, тараптар өзара қолайлы келісімге қол жеткізе алмады, бұл ҰБО-дан істі өз бетінше бағалауға көшуді талап етті.

Қарау барысында ҰБО мыналарды анықтады: ANZ-тің оның қатысуы тек зауытты қаржыландырумен шектелді деген сеніміне қарамастан, банк PPS жобасына байланысты бар тәуекелдер туралы хабардар болды. Бұл ANZ адам құқықтары саясатының сенімділігі және оның мәлімделген корпоративтік стандарттарға сәйкестігі туралы сұрақтар туғызды.

2018 жылы ҰБО қорытынды мәлімдеме жасап, ANZ-қа келесіні ұсынды:
- ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарына сәйкес корпоративтік стандарттардың сақталу мониторингін күшейту;
- Клиенттермен жұмыс істеу кезінде, әсіресе заңнамалық шеңбері жеткіліксіз дамыған елдерде тәуекелдерді басқару үшін тиісті тексеру тетіктерін енгізу;
- Есеп беруді арттыру және адам құқықтарына байланысты тәуекелдерді басқару үшін шағымдарды қараудың ашық тетігін әзірлеу.

2020 жылы ҰБО ұсынымдары жарияланғаннан кейін тараптар тәуелсіз сарапшының делдалдығымен қосымша келіссөздер жүргізіп, шарттары құпия болып қалатын келісімге қол жеткізді.

Бұл жағдай ҰБО-ның күрделі халықаралық дауларды шешудің және бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарын ілгерілетудің тиімді құралы ретіндегі маңызын көрсетеді. Ол корпоративтік тәжірибеде, әсіресе қаржы секторында ашықтық пен дұрыс тексеру қажеттілігіне назар аударады. ҰБО әрекеттері ANZ сияқты ірі компанияларға өз шешімдері үшін жауап беруге және болашақта адам құқықтарының бұзылу қаупін азайтуға мүмкіндік беретін стандарттарды енгізуге ықпал етті.

Соңғы зерттеулерге сәйкес, жеткізу тізбегіндегі адам құқықтарын бұзу тәуекелдерін басқару халықаралық корпорациялар үшін маңызды мәселе болып қала береді. 2023 жылғы Proxima сауалнамасына сәйкес, Ұлыбритания мен АҚШ-тағы компания басшыларының 69%-ы жеткізу тізбегінде мәжбүрлі және балалар еңбегі сияқты адам құқықтарының бұзылуына алаңдаушылық білдіреді. Бөлшек сауда секторында бұл көрсеткіш 79%-ға жетеді, бұл осы саладағы жеткізушілерге көбірек көңіл бөлумен байланысты. Сауалнама сондай-ақ орта бизнес компаниялары бұл қиындықтарға белсенді түрде тап болатынын көрсетеді: олардың басшыларының 76%-ы жеткізушілердің тәжірибесіне қатысты әдеп мәселелерін көтереді. Бұл жаһандық экономикадағы адам құқықтары стандарттарының жауапкершілігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін ҰБО-ға ұқсас тетіктердің маңызын көрсетеді.


Қарау саны: 49
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!