Атырау облысы бюджетінің 2021-2023 жылдардағы кірістері
15.11.2024
Атырау облысы бюджетінің кірістері 2021-2023 жылдар аралығында 1,5 есе өсіп, 2021 жылы 502,7 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінің 5,7%-ы) 2023 жылы 733,4 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінің 5,4%-ы) артты.
Негізгі кірістерді құрайтын салықтық түсімдер – 2021-2023 жылдары орташа есеппен 82,8% – 1,6 есе өсіп, 2021 жылғы 408,2 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердегі салық түсімдерінің 11,1%-ы) 2023 жылы 643,6 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттердегі салық түсімдерінің 10,7%-ы) жетті.
ЗТК түсімдері (ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түскен кірістерді қоспағанда) 1,8 есе артып, 2021 жылы 42,2 млрд теңгеден (Атырау облысы бюджетінің салық түсімдерінің 10,3%-ы) 2023 жылы 74,1 млрд теңгеге дейін (11,5%) жетті.
ЖТС түсімдері 1,4 есе өсіп, 2021 жылы 122,0 млрд теңгеден (облыс бюджетінің салық түсімдерінің 29,9%-ы) 2023 жылы 176,7 млрд теңгеге (27,5%) дейін артты.
Әлеуметтік салық түсімдері 1,4 есе өсіп, 2021 жылғы 114,0 млрд теңгеден (салық түсімдерінің 27,9%-ы) 2023 жылы 161,3 млрд теңгеге дейін (25,1%) өсті.
Мүлікке салынатын салықтар (мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, бірыңғай жер салығы) 1,4 есе өсіп, 2021 жылғы 63,4 млрд теңгеден (15,5%) 2023 жылы 86,9 млрд теңгеге дейін (13,5%) артты.
Басқа салықтар (тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар, басқа да салықтар, міндетті төлемдер, заңды маңызды әрекеттерді орындағаны және (немесе) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құжаттар бергені үшін алынатын төлемдер) 2,2 есе өсіп, 2021 жылғы 66,6 млрд теңгеден (16,3%) 2023 жылы 144,7 млрд теңгеге (22,5%) дейін өсті.
Трансферттерден түскен түсімдер, облыс бюджеті кірістерінің құрылымында орташа 14,4% құрап, 7,5%-ға азайды: 2021 жылғы 77,1 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердегі барлық трансферт түсімдерінің 1,6%-ы) 2023 жылы 71,2 млрд теңгеге дейін (1,0%).
Салықтық емес түсімдер, облыс бюджеті кірістерінің орташа 1,5%-ын құрайды, 3,1 есе өсіп, 2021 жылғы 5,3 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердегі барлық салықтық емес түсімдердің 4,4%-ы) 2023 жылы 16,2 млрд теңгеге дейін (7,9%) жетті.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, Атырау облысы кірістерінің орташа есеппен 1,3%-ын құрайтын бұл кіріс түрі, 5,2 есе азайып, 2021 жылғы 12,1 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердегі негізгі капиталды сатудан түскен барлық түсімдердің 6,0%-ы) 2023 жылы 2,3 млрд теңгеге дейін (1,3%) төмендеді.
Қарау саны: 36 |
|
|