Инфрақұрылымдық даму және өңірлік әл-ауқатты талқылау: Экономикалық зерттеулер институтының АДБ өкілімен кездесуі
15.11.2024
Осы жылдың 15 қарашасында Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары мен басшылығы Азия даму банкінің директорлар кеңесінің Атқарушы директоры Шарлотта Джастин Диокно-Сикатпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елдің инфрақұрылымдық дамуы, өңірлердің, қалалар мен ауылдардың нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігі талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстанның өңірлік әл-ауқат индексінің әдістемесі мен нәтижелері қарастырылды. Аталған индекс өңірлік проблемалар мен даму факторларын түсінуге арналған диагностикалық құрал ретінде өзінің тиімділігін көрсетті.
Өңірлік әл-ауқат индексі 2022 жылы АДБ-мен бірлесіп әзірленді. Ол әл-ауқатты бағалауда еуропалық әлеуметтік зерттеу, дүниежүзілік құндылықтар зерттеуі және еуропалық құндылықтар зерттеуі сияқты сауалнама деректерін пайдалану тәжірибесіне, сондай-ақ әл-ауқат индексін есептеуге арналған ЭЫДҰ-ның «Үздік өмір индексі» сияқты құралдарына негізделген.
Қазақстан 2008 жылдан бері IMD (Institute of Management Development) халықаралық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде қатысып келеді.
IMD 2024 рейтингінде Қазақстанның позициясы екі тармаққа жақсарып, 67 елдің ішінде 37-орыннан 35-орынға көтерілді.
Инфрақұрылымдық даму экономикалық өсуді ынталандыруда шешуші рөл атқарады. Жақсы дамыған инфрақұрылым еңбек өнімділігін арттырып, бизнеске арналған шығындарды азайтады және халықтың өмір сүру сапасын жақсартады.
Кездесу соңында Экономикалық зерттеулер институты мен Азия даму банкі арасындағы білім мен тәжірибе алмасу аясындағы ынтымақтастықтың одан әрі перспективалары талқыланды.
Қарау саны: 28 |
|
|