IMD-2024 Цифрлық Бәсекеге Қабілеттілік Рейтингі

18.11.2024

2024 жылғы 14 қарашада IMD-2024 Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингі (бұдан әрі – рейтинг) нәтижелері жарияланды.
Қазақстан бұл рейтингте 67 елдің ішінде 34-орынға ие болды, нәтижесі – 66,43 ұпай. Өткен жылмен салыстырғанда ел өз позициясын сақтап қалғанымен, көрсеткіші 5,41 ұпайға төмендеді (IMD Digital 2023 бойынша – 71,84 ұпай).

Рейтинг нәтижелері бойынша әлемдік орташа көрсеткіштің де төмендеуі байқалады (IMD Digital 2024 – 65,72 ұпай, IMD Digital 2023 – 71,82 ұпай).

Рейтингтің көшбасшысы – Сингапур, ол АҚШ-ты төртінші орынға ығыстырды. Екінші орынды Швейцария, үшінші орынды Дания, ал бесінші орынды Швеция иеленді.

















Дереккөз: IMD World Digital Competitiveness Ranking 2024

Анықтама:

2024 жылы рейтингке алғаш рет үш африкалық мемлекет (Гана, Нигерия және Пуэрто-Рико) енгізілді.

Қазақстан ОЭСР-ге мүше Португалия (35-орын), Италия (40-орын), Грекия (49-орын), Түркия (55-орын), Мексика (59-орын) және басқа да елдерді басып озды.

Рейтингтегі үш фактордың ішінде Қазақстан біреуінен – «Болашаққа дайындығы» бойынша позициясын 4 орынға жақсартып, 2023 жылғы 31-орыннан 2024 жылы 27-орынға көтерілді. Бұл көрсеткіш рейтинг тарихындағы (2017 жылдан бері) ең жоғары нәтижеге айналды.

Ең үлкен төмендеу «Технологиялар» факторында тіркелді – 5 позицияға (41-орыннан 46-орынға). Бұл екі субфактордың нашарлауымен байланысты.
  • Нормативтік-құқықтық база: 6 позицияға төмендеп (22-орыннан 28-орынға), шетелдік жұмыс күшін тартуға шектеулер бойынша бағалаудың нашарлауына байланысты. «Иммиграциялық заңдар» көрсеткіші 2023 жылғы 6,27 ұпайдан 2024 жылы 6,19 ұпайға дейін төмендеп, 22-орыннан 29-орынға түсіп кетті.
  • Технологиялық база: 4 позицияға төмендеп (48-орыннан 52-орынға), «Мобильді кең жолақты абоненттер» көрсеткішінің жаңа есептеу әдістемесіне көшуі себеп болды. Енді тек 5G абоненттері есепке алынады.

Жаңа жағдайларды дәл көрсету үшін рейтингке алғаш рет жасанды интеллекттің дамуын сипаттайтын төрт көрсеткіш енгізілді:

  • компьютерлік ғылымдар саласындағы білім индексі,
  • жасанды интеллект бойынша рецензияланған мақалалар саны,
  • жасанды интеллектке қатысты заң жобаларының саны,
  • қауіпсіз интернет серверлерінің саны.

Жасанды интеллекттің дамуы келесі мәселелерді тудырады:

  • жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі және жұмыс орындарының қысқару ықтималдығы,
  • заңнаманы және этикалық нормаларды бейімдеу қажеттілігі,
  • деректер құпиялылығы мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету,
  • жаңа дағдыларды дамыту және жұмысшыларды қайта даярлау,
  • жасанды интеллекттің әлеуметтік теңсіздікке әсерін реттеу.

 




Қарау саны: 64
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!