Елдер бойынша инфляция (2024 жылғы қазан)
19.11.2024
Қазақстанда 2024 жылғы қазанда жылдық тұтыну инфляциясы 8,5%-ға дейін жеделдеді, қыркүйектегі 8,3%-бен салыстырғанда.
Еуропа елдері мен АҚШ-та инфляция орташа есеппен 0,7%-дан 6%-ға дейінгі диапазонда. Ең төменгі көрсеткіштер Литвада (0,5%), Словенияда (0,6%), Швейцарияда (0,6%) тіркелсе, ең жоғары инфляция Беларусьте (6,0%), Молдовада (5,3%), Исландияда (5,1%) және Румынияда (4,6%) байқалды. Еуроаймақта жылдық инфляция қазанда 2,0%-ға дейін жеделдеді. Бұл өсім базалық әсерлермен түсіндіріледі: өткен жылы энергия ресурстарының бағасы төмендегені енді жылдық мөлшерлемелерге ықпалын тигізбейді. Энергия ресурстарының бағасы төмендеуді жалғастырғанымен, баяу қарқынмен. АҚШ-та жылдық инфляция жеті ай қатарынан төмендегеннен кейін қазанда 2,6%-ға дейін жеделдеді. Инфляцияның өсуіне энергия ресурстары бағасының аздап төмендеуі (-4,9% қыркүйектегі -6,8%-бен салыстырғанда) және тұрғын үй инфляциясының тұрақты деңгейі (4,9%) әсер етті. Ал азық-түлік пен көлік бағасының өсу қарқыны баяулап, тиісінше 2,1% және 8,2% құрады. Таяу елдер
арасында инфляция бойынша көшбасшы Түркия болып қала береді, онда жылдық
инфляция қазанда 48,6%-ды құрады (қыркүйекте 49,3%). Әлемдегі ең жоғары
инфляция Аргентинада сақталуда*, онда қыркүйек айында инфляция 236,7%-дан
209,0%-ға дейін төмендеді.
Қытайда
жылдық инфляция қыркүйектегі 0,4%-бен салыстырғанда қазанда 0,3%-ға дейін
баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар, әсіресе көлік пен тұрғын үй бағасы
төмендеуді жалғастырды, сондай-ақ азық-түлік бағасының өсуі баяулады.
Қарау саны: 22 |
|
|