Қазақстанда 2024 жылғы қазанда жылдық тұтыну инфляциясы 8,5%-ға дейін жеделдеді, қыркүйектегі 8,3%-бен салыстырғанда.
Еуропа
елдері мен АҚШ-та инфляция орташа есеппен 0,7%-дан 6%-ға дейінгі диапазонда. Ең
төменгі көрсеткіштер Литвада (0,5%), Словенияда (0,6%), Швейцарияда (0,6%)
тіркелсе, ең жоғары инфляция Беларусьте (6,0%), Молдовада (5,3%), Исландияда
(5,1%) және Румынияда (4,6%) байқалды. Еуроаймақта жылдық инфляция қазанда
2,0%-ға дейін жеделдеді. Бұл өсім базалық әсерлермен түсіндіріледі: өткен жылы
энергия ресурстарының бағасы төмендегені енді жылдық мөлшерлемелерге ықпалын
тигізбейді.
Энергия ресурстарының бағасы төмендеуді жалғастырғанымен, баяу
қарқынмен. АҚШ-та жылдық инфляция жеті ай қатарынан төмендегеннен кейін қазанда
2,6%-ға дейін жеделдеді. Инфляцияның өсуіне энергия ресурстары бағасының аздап
төмендеуі (-4,9% қыркүйектегі -6,8%-бен салыстырғанда) және тұрғын үй
инфляциясының тұрақты деңгейі (4,9%) әсер етті. Ал азық-түлік пен көлік
бағасының өсу қарқыны баяулап, тиісінше 2,1% және 8,2% құрады.
Таяу елдер
арасында инфляция бойынша көшбасшы Түркия болып қала береді, онда жылдық
инфляция қазанда 48,6%-ды құрады (қыркүйекте 49,3%). Әлемдегі ең жоғары
инфляция Аргентинада сақталуда*, онда қыркүйек айында инфляция 236,7%-дан
209,0%-ға дейін төмендеді.
Қазақстандағы
инфляция деңгейі ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр.
Көршілес елдерде инфляция Өзбекстанда* 10,5%-ды, Қырғызстанда 4,8%-ды құрады.
Ресейде жылдық инфляция қатарынан екінші ай 8,5%-ға дейін баяулап, 2024 жылдың
мамыр айынан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Азық-түлік (9% қыркүйектегі
9,2%-бен салыстырғанда) және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың (6,5%
қыркүйектегі 6,6%-бен салыстырғанда) бағасы баяу өсті. Сонымен бірге қызметтер
бағасының өсу қарқыны 9,7%-ға дейін жеделдеді.
Қытайда
жылдық инфляция қыркүйектегі 0,4%-бен салыстырғанда қазанда 0,3%-ға дейін
баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар, әсіресе көлік пен тұрғын үй бағасы
төмендеуді жалғастырды, сондай-ақ азық-түлік бағасының өсуі баяулады.