Бельгиялық ҰБО-ның халықаралық еңбек дауларын шешудегі рөлі
19.11.2024
2019 жылы Халықаралық тамақ, ауыл шаруашылығы, қонақ үй және мейрамхана саласындағы жұмысшылар одағы (IUF) Үндістандағы жергілікті кәсіподақтың атынан бельгиялық ҰБО-ға Anheuser-Busch InBev (AB InBev) компаниясының іс-әрекеттері туралы шағым түсірді. Anheuser-Busch InBev (AB InBev) — әлемдегі ең ірі сыра өндіруші компания, нарықтағы үлесі шамамен 28%. Компания Budweiser, Stella Artois, Corona, Beck’s, Leffe сияқты халықаралық брендтермен өнім шығарады және 500-ден астам жергілікті марканы басқарады. AB InBev зауыттары әлемнің әртүрлі елдерінде, оның ішінде Үндістанда орналасқан. Сонепат қаласындағы зауытта болған даулы оқиға ҰБО тарапынан қаралды. Бельгиялық ҰБО-нің рөлі Бельгиядағы ҰБО – ЭЫДҰ стандарттары негізінде жауапты бизнесті жүргізу қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді, оның міндеттері:
Бельгиялық ҰБО үш жақты ынтымақтастық формасында жұмыс істейді, әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерін біріктіреді. Шиеленістің алғышарттары IUF 2016 жылы Сонепаттағы зауытты сатып алғаннан кейін компанияның:
AB InBev айыптауларды жоққа шығарып, жұмыстан босату шаралары тәртіп бұзушылықтармен байланысты екенін және барлық іс-әрекеттер заңға және корпоративтік стандарттарға сәйкес болғанын мәлімдеді. ҰБО әрекеттері Шағымды алғаннан кейін ҰБО алдын ала бағалау жүргізіп, тараптарға медиация қызметтерін ұсынды. Келіссөздер барысында келесі негізгі мәселелер талқыланды:
ҰБО тараптардың диалог үшін бейтарап алаңын ұйымдастырып, кәсіби медиация ұсынды. Нәтижелер:
Мониторинг және ұзақ мерзімді нәтижелер ҰБО келісімдердің орындалуын бақылауды жалғастырды. 2021 жылы пандемияның қиындықтарына қарамастан, тараптар процесті аяқтау мерзімін ұзартты. Нәтижесінде:
ҰБО шешімінің маңызы ҰБО көмегімен тараптар компромиске келіп, болашақта ынтымақтастық мүмкіндіктерін сақтап қалды және компанияның әлеуметтік тұрақтылығына және беделіне қауіп төндірген дауларды шешті. Бұл жағдай ҰБО-ның халықаралық дауларда конструктивті диалог құру және тараптар үшін қолайлы шешімдер табудағы рөлін көрсетеді. Әлеуметтік диалог пен еңбек дауларын тиімді шешу халықаралық компаниялар үшін өте маңызды. Бұл тек еңбек дауларының алдын алуға ғана емес, сонымен қатар бизнестің беделін қорғауға да көмектеседі. Мысалы, H&M мен Zara компаниялары еңбек қауіпсіздігі бойынша жаңа халықаралық келісімдерге қол қойып, өздерінің жеткізу тізбегіндегі қызметкерлердің құқықтарын сақтауға міндеттеме алған. Volkswagen кәсіподақтармен ұжымдық келіссөздер жүргізуге белсене қатысып, өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз ету мен ереуілдердің алдын алуға тырысады. Google мен Amazon еңбек құқықтары мәселелерінде кездескен қиындықтарды уақытында шешіп, репутациялық тәуекелдер мен қаржылық шығындардан аулақ болған. AB InBev және басқа да жаһандық компаниялар үшін мұндай жағдайлар стратегиялық маңызға ие. Шешілмеген еңбек даулары инвесторлармен қарым-қатынасқа теріс әсер етіп, тұтынушылардың сенімін төмендетіп, жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктеріне кедергі келтіруі мүмкін. Кәсіподақтармен тиімді өзара іс-қимыл жасау және халықаралық еңбек стандарттарын сақтау компанияның жауапты жұмыс беруші және серіктес ретінде беделін нығайтады, бұл өз кезегінде ұзақ мерзімді инвестицияларды тартады.
Қарау саны: 24 |
|
|