Еуропалық комиссия сарапшыларымен орталықсыздандыру және өңірлік даму мәселелері бойынша кездесу
20.11.2024
19 қарашада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ алаңында Еуропалық комиссияның сарапшыларымен Қазақстанның децентрализация және өңірлік даму саласындағы саясатына қатысты мәселелер бойынша алдын ала талдау жүргізу үшін кездесу өтті. Аталмыш талдаудың мақсаты – осы салалардағы реформалардың жүзеге асырылуын тереңірек түсіну. Талдау нәтижелері мен ұсынымдары Еуропалық комиссияға децентрализация реформасын қолдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту бойынша болашақ бағдарламаны әзірлеуге көмектеседі. Бұл бағдарламаның екінші кезеңі Еуропалық Одақ пен Қазақстанның (2024–2027 жж.) ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Кездесуге Институт тарапынан Төлебекова Д., Райпов А., Загал К., Ерубаева Ж., Мусина А. қатысты. Кездесу барысында өңірлік даму, салық саясаты, экономика мәселелері және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Әлеуметтік теңсіздікті азайтуға және өңірлердегі инфрақұрылымды дамытуға бағытталған түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жемісті пікірталас үшін алғыс білдірді.
Қарау саны: 16 |
|
|