Жамбыл облысындағы инвестициялар: өңдеу өнеркәсібіндегі өсу мен халықаралық капитал тарту

21.11.2024

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларында Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 277,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға (268,1 млрд теңге) артты.  

Аймақта инвестициялардың негізгі бөлігі өнеркәсіп саласына бағытталған, оның үлесі 134,5 млрд теңгені немесе жалпы инвестиция көлемінің 48,4%-ын құрайды. 

 

Атап айтқанда, ең үлкен өсім «өңдеу өнеркәсібі» секторында байқалды, мұнда инвестициялар көлемі 62,6 млрд теңгеден 75,5 млрд теңгеге дейін өсті. 

2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі бағыттары: 

- «химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру» (өңдеу өнеркәсібіне салынған жалпы инвестицияның 36,7%-ы), 

- «металлургия өндірісі» (30,9%), 

- «басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі» (25,4%). 

 

«Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру» саласына салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға артып, 27,7 млрд теңгені құрады. 

«Басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі» саласына салынған инвестициялар 4,6 есеге ұлғайып, 19,2 млрд теңгені құрады. 

Сонымен қатар, «металлургия өндірісі» саласына салынған инвестициялар көлемі 5,7%-ға (23,4 млрд теңге) төмендеді.  

























Жамбыл облысының шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын атап өту қажет. 

2024 жылдың 1-тоқсанында Ресейлік «ЕвроХим», Түркиялық Yildirim Group және Қытайлық China Power International Holding Ltd. сияқты ірі компаниялар Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шамамен 1,1 млрд АҚШ долларын салды. 

Аймақ өңдеу өнеркәсібі саласына шетелдік инвесторларды тартуды жалғастыруда.




Қарау саны: 18
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!