Батыс Қазақстан облысы бюджетінің кірістері (2021-2023 жылдар)
21.11.2024
2021-2023 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы бюджетінің кірістері 1,5 есеге өсті. 2021 жылы 295,7 млрд теңгені (жергілікті бюджеттердің жалпы кірісінің 3,4%-ын) құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 453,0 млрд теңгеге (жергілікті бюджеттердің жалпы кірісінің 3,3%-ын) жетті.
- Трансферттер түсімі
Трансферттер түсімі, облыс бюджетінің жартысынан астамын құрайтын кіріс
көзі (орташа 58,1%), 1,5 есеге өсті. 2021 жылы 171,5 млрд теңгеден
(жергілікті бюджеттерге түскен барлық трансферттердің 3,6%-ы) 2023 жылы
262,9 млрд теңгеге (3,7%) дейін артты.
- Салық
түсімдері
Салық түсімдері, бюджет кірістерінің үштен бір бөлігінен сәл астамын
құрайды (орташа 38,1%). Бұл көрсеткіш 1,6 есеге өсіп, 2021 жылы 109,9 млрд
теңгеден (жергілікті бюджеттерге түскен барлық салық түсімдерінің 3,0%-ы)
2023 жылы 176,1 млрд теңгеге (2,9%) жетті.
- Корпоративтік
табыс салығы (КТС) түсімдері (ірі кәсіпкерлік субъектілері мен
мұнай секторынан түскен кірістерді қоспағанда) 1,8 есеге өсіп, 2021 жылы
13,5 млрд теңгеден (12,3%) 2023 жылы 23,8 млрд теңгеге (13,5%) жетті.
- Жеке
табыс салығы (ЖТС) түсімдері 1,7 есеге өсіп, 2021 жылы 36,3 млрд
теңгеден (33,0%) 2023 жылы 60,4 млрд теңгеге (34,3%) артты.
- Әлеуметтік
салық түсімдері 37,4%-ға артып, 2021 жылы 47,9 млрд теңгеден
(43,6%) 2023 жылы 65,8 млрд теңгеге (37,4%) жетті.
- Мүлік
салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық және бірыңғай жер
салығы
сияқты мүлікке салықтар 22,6%-ға артып, 2021 жылы 7,8 млрд теңгеден
(7,1%) 2023 жылы 9,5 млрд теңгеге (5,4%) өсті.
- Қалған
салықтар (тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ішкі
салықтар, басқа да міндетті төлемдер) 4 есеге жуық өсіп, 2021 жылы 4,4
млрд теңгеден (4,0%) 2023 жылы 16,5 млрд теңгеге (9,4%) жетті.
- Негізгі
капиталды сатудан түскен түсімдер
Бұл көрсеткіш орташа 2,6%-ды құрай отырып, 15,9%-ға төмендеді. 2021 жылы
10,5 млрд теңгеден (5,2%) 2023 жылы 8,9 млрд теңгеге (4,9%) азайды.
- Салықтан
тыс түсімдер
Бұл кіріс көзінің үлесі құрылымда ең аз (орташа 1,2%). Алайда, бұл
түсімдер 39,2%-ға өсіп, 2021 жылы 3,7 млрд теңгеден (3,1%) 2023 жылы 5,2
млрд теңгеге (2,5%) жетті.
Қарау саны: 13
Сақталған: 21.11.2024
|