2024 жылғы 21 қарашада Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары «Авиациялық әкімшілік Қазақстан Республикасы» АҚ қызметкерлеріне арналған реттеуші әсерді талдау практикасы бойынша семинар өткізді. Семинарға шамамен 20 адам қатысты.
ААК азаматтық авиация саласында уәкілетті ұйым болып табылады, оның құзыретіне азаматтық авиация саласында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге уәкілетті органға көмек көрсету кіреді.
Қазіргі уақытта ААК Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылған практикасын қолдану мақсатында тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.
Семинар барысында АРВ қолданудың халықаралық деңгейдегі мәселелері, Қазақстанда АРВ институтының қалыптасуы мен дамуы, АРВ құрамдас бөліктері қарастырылды. Семинарда АРВ рәсімін жүргізу тәртібі мен АРВ аналитикалық формасын толтыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылар АРВ жүргізу және оның қолданылуындағы қиындықтар туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ, семинар аясында «Ашық НҚА» порталында орналастырылған АРВ бойынша практикалық кейстер талқыланды.
Оқыту семинарын Экономикалық зерттеулер институты сарапшылары Айгүл Ербатырқызы Асенова (экономика ғылымдарының кандидаты, Экспертиза орталығының директорының орынбасары) мен Алёна Владимировна Шевцова (Экспертиза орталығының аға сарапшысы) жүргізді.