Семинар-лекция магистранттар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында
25.11.2024
2024 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Экономикалық зерттеулер институтының ғимаратында Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) хатшылығы «Бизнесті жауапты жүргізу» (БЖЖ) және оның заманауи бизнес әлеміндегі маңызы туралы семинар-лекция өткізді. Семинар Академияның «Өңірлік даму» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары үшін ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – этикалық кәсіпкерлік принциптері мен халықаралық БЖЖ стандарттары туралы хабардарлықты арттыру. Семинар-лекция барысында магистранттар келесі ақпараттармен танысты:
Іс-шара қорытындысы Семинар-лекция магистранттардың, жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің қызығушылығын тудырды. Қатысушылар БЖЖ принциптерін енгізудің практикалық аспектілері, халықаралық стандарттарды Қазақстан жағдайына бейімдеу, сондай-ақ мемлекеттің және ҰБО-ның бизнесті қолдау рөлі туралы белсенді түрде сұрақтар қойды. Семинар қатысушылары тарапынан шағын және орта бизнес өкілдері үшін қолжетімді білім беру бағдарламалары мен кәсіпкерлердің хабардарлығын арттыру тәсілдеріне қызығушылық білдірілді. Іс-шара қызықты талқылау және қатысушылардың сауалнамасымен аяқталды, оның нәтижелері БЖЖ саясатын елде дамытуда ескерілетін болады.
Қарау саны: 60 |
|
|