Люксембургтегі ҰБО ісі: «Еуропаның Жер Достары» және Либерияның Тұрақты Даму Институты мен ArcelorMittal арасындағы дау
26.11.2024
2011 жылы «Еуропаның Жер Достары» және Либерияның Тұрақты Даму Институты үкіметтік емес ұйымдары ArcelorMittal компаниясына шағымдану үшін Нидерланд Ұлттық байланыс орталығына (ҰБО) жүгінді. Шағымда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жауапты бизнес жүргізу стандарттарын бұзу мәселелері, атап айтқанда Округтардың Әлеуметтік Даму Қорының (ӘДҚ) тиімсіз басқарылуы мен ықтимал сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаулар талқыланды. Іс ArcelorMittal орналасқан Люксембургтегі ҰБО-ға, Нидерланд ҰБО-ның қолдауымен жіберілді. Шағымның басты мәні ArcelorMittal компаниясын Нимба, Бонг және
Гранд-Басса округтеріне көмек көрсету үшін құрылған Әлеуметтік Даму Қорын ашық
әрі тиімді басқармады деп айыптау болды. Белгіленген қаражат жергілікті
қауымдастықтардың қажеттіліктерін қанағаттандырмаған және тиімді
пайдаланылмаған деп мәлімделді. Кейбір жобалардың сапасы төмен болып шықса,
басқалары техникалық қызмет көрсетудің жоқтығынан іске аспай қалды. Жергілікті қауымдастықтар
қор қаражаты шешім қабылдаушылардың мүдделеріне пайдаланылып, халыққа нақты
көмек көрсетілмегенін мәлімдеді. Ақпараттың жетіспеушілігі мен шешім қабылдау
процестеріне жергілікті тұрғындардың қатыспауы компания мен үкіметке деген
сенімсіздікті күшейтті. Дау туғызған мәселелердің бірі ArcelorMittal-дың Либерия үкіметіне 100
пикап сыйға тартуы болды. Шағымданушылар бұл көліктер ауылшаруашылық
қажеттіліктерге арналғанымен, парламент мүшелерінің жеке пайдалануы үшін
берілгенін айтып, компанияны сыбайлас жемқорлыққа айыптады. Люксембургтегі ҰБО шағымды қарастырып, медиация процесін ұйымдастыру
туралы шешім қабылдады. Дегенмен, пикаптар сыйға тарту мәселесі ҰБО құзыретіне
кірмейтін болғандықтан, талқылаудан шығарылды. Негізгі назар Әлеуметтік Даму
Қорын басқару мәселелеріне аударылды.
Екінші миссия барысында қорды қайта құрылымдау мүмкіндіктері
талқыланды. Медиатор қорды үкімет, азаматтық қоғам және ArcelorMittal өкілдері
қатысатын тәуелсіз трастқа айналдыруды ұсынды. Сондай-ақ, жобаларды конкурс
негізінде басқаратын кәсіби орындаушы мекеме құру ұсынылды. Медиатор ұсынған
шаралар арасында ашықтықты арттыру, қор қызметін аудиттен өткізу және қысқа
мерзімді әлеуметтік жобаларды іске асыру сияқты ұсыныстар болды. Медиация мен миссия нәтижесінде Люксембургтегі ҰБО округтардың
Әлеуметтік Даму Қорын қайта құрылымдау бойынша ұсыныстар әзірледі. Тараптар
қорды тәуелсіз трастқа айналдыру және оны үкімет, азаматтық қоғам мен
ArcelorMittal өкілдері басқаратын жаңа жүйеге көшіру ұсынысын қолдады. Барлық
ұсынылған реформаларды жүзеге асыру Либерия үкіметінің іс-әрекетіне тәуелді
болды.
Қарау саны: 57 |
|
|