Қазақстанның Ресей Федерациясымен шектесетін аймақтарының демографиялық дамуы
29.11.2024
Қазақстанның сегіз облысы Ресей Федерациясымен шектеседі. Олар: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Абай облыстары. Батыс өңірлерде демографиялық жағдай қолайлы. Соңғы он жылда
халық саны Атырау облысында 136 243 адамға, Ақтөбе облысында 130 420 адамға,
Батыс Қазақстан облысында 69 176 адамға өсті.
Бұл аймақтардағы халықтың жас құрылымы Қазақстанның басқа
өңірлеріне қарағанда егде жаста. Қарт адамдардың жоғары үлесі Шығыс Қазақстан
(15,6%), Солтүстік Қазақстан (14,9%), Қостанай (13,4%), Павлодар (12,4%) және
Абай (11,6%) облыстарында байқалады. Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш
10,1%. Халық санының өзгеруі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің
әсерінен болады. Солтүстік және шығыс аймақтарда табиғи өсім миграциялық
шығындарды өтей алмайтындықтан халық саны азаюда. Мысалы, 2020 жылдан бері
Солтүстік Қазақстан облысында халықтың табиғи кемуі байқалады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013-2023 жылдары Ресейден
Қазақстанға 51 899 адам көшіп келсе, Қазақстаннан Ресейге 293 046 адам көшіп
кеткен.
Осы кезеңде Шығыс Қазақстан облысынан Ресейге 43 708 адам,
Қостанай облысынан 38 090 адам, Павлодар облысынан 33 376 адам, Солтүстік
Қазақстан облысынан 28 070 адам, Ақтөбе облысынан 11 635 адам, Батыс Қазақстан
облысынан 10 747 адам, Атырау облысынан 1 854 адам, соңғы екі жылда Абай
облысынан 1 266 адам көшіп кеткен. Жалпы алғанда, соңғы он жылда шекаралас аймақтардан Ресей
Федерациясына қоныс аударғандардың саны көшіп келгендерден 141 797 адамға артық
болған. Тарихи тұрғыдан алғанда, Ресеймен шектесетін Қазақстанның солтүстік
және шығыс өңірлерінде еуропалық этнос өкілдерінің үлесі жоғары. Еңбекке
қабілетті және репродуктивті жастағы адамдардың көші-қоны бұл аймақтардағы
депопуляция үрдісін күшейтуде. Шынар Төлешова, өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының жетекші сарапшысы
Қарау саны: 61 |
|
|