 
| 2024 жылдың қараша айындағы инфляция туралы қысқаша анықтама
03.12.2024
 
 
Елдегі тұтынушылық инфляция жылдық мәнде 8,4%-ға дейін жеделдеді. Негізгі өсімді ақылы қызметтер көрсетті, олардың бағасы бір жыл ішінде 13,3%-ға өсті.  2024 жылдың қарашасындағы инфляция:   - Өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда – 8,4% (қазанда
8,5%);   - Ағымдағы жылдың қазанымен салыстырғанда – 0,9% (қазанда
0,9%).   Жылдық көрсеткіште бағалар: - Азық-түлік тауарларына – 5,4%-ға өсті (қазанмен
салыстырғанда 1,1%);   - Азық-түлік емес тауарларға – 8,0%-ға (қазанмен
салыстырғанда 0,7%);   - Ақылы қызметтерге – 13,3%-ға (қазанмен салыстырғанда 0,8%). Инфляция динамикасына негізгі үлесті ақылы қызметтер қосты –
44,7% (жалпы инфляцияның 8,4%-ының 3,8%-ы ақылы қызметтерге тиесілі). Бұл соңғы
жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Өткен жылдың қарашасында ақылы
қызметтердің үлесі жалпы инфляцияның 33,3%-ын құраған. Дәстүрлі түрде ең үлкен үлес қосатын азық-түлік тауарларының
үлесі 27,0%-ды құрады. 2022 жылдың қазанымен салыстырғанда, азық-түлік
тауарларының үлесі 23,0 пайыздық тармаққа азайып, 50,0%-дан 27,0%-ға төмендеді.
Өткен аймен салыстырғанда, азық-түлік тауарларының үлесі 2,8 пайыздық тармаққа
кеміді. Азық-түлік емес тауарлардың үлесі өткен жылдың қарашасындағы 28,5%-дан
28,4%-ға дейін азайды.   
 Азық-түлік тауарлары арасында ең жоғары баға өсімі:   - картоп – 28,2%;   - қияр – 25,9%;   - қызанақ – 25,5%;   - темекі өнімдері – 15,8%; 
 - пияз – 15,5%;   - минералды және ауыз су – 13,9%;   - кондитерлік өнімдер – 12,5%;   - салқындатқыш сусындар – 11,3%;   - жеміс-көкөніс шырындары – 10,2%.   Жылдық көрсеткіште бағасы төмендегендер: - қарақұмық жармасы – 21,6%; 
 - сәбіз – 10,2%;   - ақ қауданды қырыққабат – 8,5%;   - күнбағыс майы – 5,3%. 
 Азық-түлік емес тауарлар бойынша ең жоғары өсім:   - аудио-визуалды техника – 39,4%;   - жаңа жеңіл автокөліктер (отандық құрастыру) – 26,8%;   - фармацевтикалық өнімдер – 10,5%;   - киім-кешек пен аяқ киім – 10,4%;   - жиһаз және тұрмыстық заттар – 10,1%;   - жеке пайдалану тауарлары – 7,0%;   - құрылыс материалдары – 5,9%;   - отын – 15,3%;   - газ баллондары – 9,2%; 
 - көмір – 8,5%.   Ақылы қызметтер бойынша баға өсімі:  - демалыс ұйымдастыру қызметтері – 22,3%;   - байланыс – 16,8%;   - шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары – 13,1%;   - денсаулық сақтау қызметтері – 12%;   - көлікті техникалық тексеру мен жөндеу – 11,6%;   - қоғамдық тамақтану – 9,6%; 
 - теміржол көлігі – 24,5%; 
 - қалалық автобустар – 11,8%;   - жалға алу төлемі – 9,6%. 
 Тұрмыстық қызметтердің тарифтері: - суық су – 43,1%;   - кәріз – 25,7%;   - ыстық су мен электр энергиясы – 21,7%;   - орталықтандырылған жылу – 17,5%;   - газ (тарату желілері арқылы) – 11,7%;   - қоқыс шығару – 10,3%. 
 Жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан (қарашада 8,4%, қазанда 8,5%), ақылы қызметтердегі инфляцияның үдеуі баға деңгейіне қысым көрсетуді жалғастыруда. 
Қарау саны: 629 | 
| 
 
 
 
 
 
 
 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
 
   
   
   
 
 
 
 
 
| 
 |