ШОБ сандармен: өнер, ойын-сауық және демалыс индустриясы
10.12.2024
Мәдени мұраның байлығы мен дәстүрлердің алуан түрлілігі өнер, ойын-сауық және демалыс индустриясын дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл сала шабыт көзі ғана емес, сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерліктің маңызды бағытына айналып, экономиканы нығайтуға және шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер туғызуға ықпал етеді.
2024 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша, бұл секторда 20 528
ШОБ субъектісі тіркелген, олардың 90,4%-ы белсенді жұмыс істейді. Биылғы жылдың
бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша көптеген көрсеткіштерде оң динамика
байқалғанымен, өнім шығару көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
26,2%-ға төмендеп, 577,3 млрд теңгені құрады. Бұл төмендеу мәдени іс-шараларға
деген сұраныс құрылымының өзгеруімен және кәсіпорындардың ішінара басқа қызмет
түрлеріне ауысуымен байланысты болуы мүмкін. Өнер, ойын-сауық және демалыс секторы шамамен 39 мың адамды
жұмыспен қамтып отыр, бұл басқа салаларға қарағанда төмен көрсеткіш. Биылғы
жылдың бірінші жартыжылдығында бір қызметкерге шаққандағы ШОБ субъектілерінің
еңбек өнімділігі 14,7 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ, өнер секторы заманауи сын-қатерлерге, оның ішінде
экологиялық тұрақтылыққа бейімделіп келеді. Көптеген жобалар инсталляциялар
үшін қайта өңделетін материалдарды пайдалануға бағытталған, ал шағын
кәсіпорындар этникалық мотивтерді декоративті және функционалды бұйымдар
өндірісінде инновациялық тәсілдермен біріктіру бойынша шешімдер әзірлеуде. Өнер елдің халықаралық имиджінің қуатты құралына айналуда.
Мысалы, қазақстандық суретшілердің 2024 жылғы Венеция биенналесіне қатысуы
жоғары шығармашылық деңгей мен ұлттық көзқарастың бірегейлігін көрсетті, бұл
отандық өнердің әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға ықпал етті. Қазақстанның
ұлттық павильонын шамамен 98 мың адам тамашалады, бұл мәдени дипломатияны
нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Осылайша, өнер, ойын-сауық және демалыс секторы тұрақты дамуды
көрсетіп, шығармашылық экономиканың өсуіне ықпал етуде. Мемлекеттік қолдау мен
цифрлық технологияларды енгізу жобаларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін
ашып, олардың елдің мәдени және экономикалық өміріндегі маңыздылығын арттырады.
Қарау саны: 31 |
|
|