«Өңірлер: апта оқиғалары» (9–15 желтоқсан 2024 ж.)
17.12.2024
Ақтөбе облысы
"Akkerman Cement" компаниялар тобы Ақтөбе қаласында цемент ұнтақтау станциясын салуға шамамен 20 млн АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Жобаның жоспарланған қуаттылығы жылына кемінде 1 млн тонна цементті құрайды, бұл Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді. Жаңа ұнтақтау станциясын салу клинкерді теміржол арқылы жеткізу және оны қыс мезгілінде жинау есебінен цементтің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қостанай облысы Өңірдің
агроөнеркәсіптік кешені экономикалық өсудің қозғаушы күштерінің біріне
айналуда. Биылғы жылы аграршылар 6 млн тонна астық жинады, ал агроөнеркәсіптік
кешендегі өнімді өңдеу көлемі артып келеді. 2023 жылы
бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауыты ("Кайдзен" ЖШС) жылына 170 мың
тонна өнім шығару қуатымен және құрғақ қымыз өндірісі іске қосылды. Жақын арада
жылына 10 мың тонна өнім өндіретін 10 түрлі ірімшік өндіретін зауыт іске
қосылып, сүтті өңдеу көлемі 60%-ға ұлғайтылады. Сондай-ақ, 4,3 мың басқа
арналған алты сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізілуде, оған 23 млрд теңге
инвестиция салынған. Түрік холдингі қатысатын бұршақ дақылдарын толық циклде өңдейтін зауыт салу ("АС Agro" ЖШС) жоспарлануда, инвестициялар – 24 млрд теңге, 70 жұмыс орны. Сонымен қатар, крахмал, сироптар және биоэтанол өндіру үшін дәнді дақылдарды терең өңдеу кешені ("Kostanai Grain Industry" ЖШС) салынады, жоба құны – 70 млрд теңге, 650 жұмыс орны. Шымкент "Оңтүстік"
арнайы экономикалық аймағының аумағында үш жаңа кәсіпорын ашылды, бұл өңірдің
өнеркәсіптік дамуы үшін маңызды қадам болды: мектеп дәптерлерін өндіру (340 млн
теңге инвестиция, жылына 70 млн дана дәптер, 40 жұмыс орны), аяқ киім шығаратын
фабрика (400 млн теңге, жылына 200 мың жұп аяқ киім, 59 жұмыс орны), шұлық-ұйық
бұйымдарын өндіру (6,5 млрд теңге, қуаты: жылына 50 млн жұп өнім, 260 жұмыс
орны). Қалада
ауқымды газдандырудың кезекті кезеңі аяқталды. Қайнарбұлақ (екінші кезең),
Тассай және ЕлАман тұрғын алаптарына, сондай-ақ "Тассай" индустриалды
аймағының нысандарына табиғи газ қосылды. Жоба 25
мыңнан астам абонентті қамтып, 2024 жылы газға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Қаланың газдандыру деңгейі 97,4%-ға жетіп, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің
бірі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы Өңірде Марқакөл көлінде ірі халықаралық туристік жоба жүзеге асырылуда. Жоба Марқакөлді Қытайдың Қанас көлімен танымал туристік маршрут арқылы байланыстыруды көздейді. Жоба аясында
жол құрылысы және Теректі ауылының маңында жаңа шекара өткелін ашу
жоспарлануда. Инфрақұрылымды дамыту мыңдаған туристерді тартуға және өңірдің
туристік әлеуетіне серпін беруге мүмкіндік береді.
Сонымен
қатар, Катонқарағай мен Зайсандағы әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ "Шығыс
салбұрыны" және Altay Fest сияқты брендтік іс-шараларды өткізу арқылы
туризм дамытылып жатыр. Қызылорда облысы Өңірдің
газдандыру деңгейі қазіргі уақытта 75%-ды құрайды. Биыл 306 шақырым газ
құбырлары жүргізіліп, оған 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл халықтың
78%-ын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келесі жылы 10-нан астам елді
мекенді газдандыру жоспарлануда. Тамыз айында
Ақжарма ауылдық округінде газ құбырын тарту жұмыстары басталды, жобаның құны –
1,26 млрд теңге. Мердігер ұйым жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап
отыр. Сондай-ақ, Сабалақ саяжай алабын (3,1 млрд теңге) және Қызылорданың
қалған учаскелерін (689,2 млн теңге) газдандыру жобалары іске асырылуда. Газ желілері
Тасбөгет және Белкөл кенттеріндегі тұрғын үйлерге, сондай-ақ Қызылжарма,
Талсуат, Қарауылтөбе, Ақсуат және Қосшынырау ауылдық округтеріне қосылды. Облыс
орталығында 815 көпқабатты үй бар, олардың көбісі күрделі жөндеуді қажет етеді.
Өткен жылы 11 үй жөнделсе, биыл 18 үй жөнделіп жатыр. Бұл жұмыстарға 1,926 млрд
теңге бөлінді. Жөндеу
жұмыстары инженерлік жүйелерді жаңартуды, қасбеттерді әрлеуді, шатырлар мен
кіреберістерді жөндеуді қамтиды. Жөндеу "Кондиоминиумдардың ортақ мүлкін
күрделі жөндеуге арналған несие" республикалық бағдарламасы аясында
жүргізілуде. Атырау
облысы
Облыстық
жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындарды
жұмыспен қамтуға басымдық беріледі. Биыл 81 шетелдік маманға жұмыс істеуге
рұқсат берілмеген. Солтүстік
Қазақстан облысы Абай облысы Ақтөбе облысы
Ауыл шаруашылығы саласында астық өндіру көлемі 30%-ға өсті: 403 мың га алқаптан
559 мың тонна өнім жиналды. АӨК қолдауға 15,5 млрд теңге бөлініп, «Ауыл
аманаты» бағдарламасы аясында 2 900 жоба мақұлданып, 15 млрд теңге көлемінде
несие берілді. Сонымен қатар, 7 ауылдағы 2 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 827 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 225 отбасы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары арқылы үйлеріне қол жеткізді. Алматы облысы Шығыс Қазақстан облысы Ұлытау облысы Қызылорда облысы Абай облысы Семей қаласында Agro Oil Group компаниясының өсімдік майын шығаратын зауыты
ашылды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 180 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеп,
50-60 мың тонна май өндіруге жетеді. Зауытта 50 жергілікті тұрғын жұмыс
істейді. Кәсіпорын заманауи жабдықтармен және инновациялық технологиялармен
жабдықталған, бұл жоғары сапалы өнім шығарып, жергілікті сұранысты
қанағаттандыруға және басқа аймақтарға экспорттауға мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан облысы Ұлытау облысы
Қарау саны: 478 |
|
|