«Өңірлер: апта оқиғалары» (9–15 желтоқсан 2024 ж.)

17.12.2024

Ақтөбе облысы

"Akkerman Cement" компаниялар тобы Ақтөбе қаласында цемент ұнтақтау станциясын салуға шамамен 20 млн АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Жобаның жоспарланған қуаттылығы жылына кемінде 1 млн тонна цементті құрайды, бұл Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді.

Жаңа ұнтақтау станциясын салу клинкерді теміржол арқылы жеткізу және оны қыс мезгілінде жинау есебінен цементтің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.


Қостанай облысы

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешені экономикалық өсудің қозғаушы күштерінің біріне айналуда. Биылғы жылы аграршылар 6 млн тонна астық жинады, ал агроөнеркәсіптік кешендегі өнімді өңдеу көлемі артып келеді.

2023 жылы бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауыты ("Кайдзен" ЖШС) жылына 170 мың тонна өнім шығару қуатымен және құрғақ қымыз өндірісі іске қосылды.

Жақын арада жылына 10 мың тонна өнім өндіретін 10 түрлі ірімшік өндіретін зауыт іске қосылып, сүтті өңдеу көлемі 60%-ға ұлғайтылады. Сондай-ақ, 4,3 мың басқа арналған алты сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізілуде, оған 23 млрд теңге инвестиция салынған.

Түрік холдингі қатысатын бұршақ дақылдарын толық циклде өңдейтін зауыт салу ("АС Agro" ЖШС) жоспарлануда, инвестициялар – 24 млрд теңге, 70 жұмыс орны. Сонымен қатар, крахмал, сироптар және биоэтанол өндіру үшін дәнді дақылдарды терең өңдеу кешені ("Kostanai Grain Industry" ЖШС) салынады, жоба құны – 70 млрд теңге, 650 жұмыс орны.


Шымкент

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында үш жаңа кәсіпорын ашылды, бұл өңірдің өнеркәсіптік дамуы үшін маңызды қадам болды: мектеп дәптерлерін өндіру (340 млн теңге инвестиция, жылына 70 млн дана дәптер, 40 жұмыс орны), аяқ киім шығаратын фабрика (400 млн теңге, жылына 200 мың жұп аяқ киім, 59 жұмыс орны), шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру (6,5 млрд теңге, қуаты: жылына 50 млн жұп өнім, 260 жұмыс орны).

Қалада ауқымды газдандырудың кезекті кезеңі аяқталды. Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай және ЕлАман тұрғын алаптарына, сондай-ақ "Тассай" индустриалды аймағының нысандарына табиғи газ қосылды.

Жоба 25 мыңнан астам абонентті қамтып, 2024 жылы газға қол жеткізуді қамтамасыз етті. Қаланың газдандыру деңгейі 97,4%-ға жетіп, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.


Шығыс Қазақстан облысы

Өңірде Марқакөл көлінде ірі халықаралық туристік жоба жүзеге асырылуда. Жоба Марқакөлді Қытайдың Қанас көлімен танымал туристік маршрут арқылы байланыстыруды көздейді.

Жоба аясында жол құрылысы және Теректі ауылының маңында жаңа шекара өткелін ашу жоспарлануда. Инфрақұрылымды дамыту мыңдаған туристерді тартуға және өңірдің туристік әлеуетіне серпін беруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Катонқарағай мен Зайсандағы әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ "Шығыс салбұрыны" және Altay Fest сияқты брендтік іс-шараларды өткізу арқылы туризм дамытылып жатыр.


Қызылорда облысы

Өңірдің газдандыру деңгейі қазіргі уақытта 75%-ды құрайды. Биыл 306 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, оған 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл халықтың 78%-ын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарлануда.

Тамыз айында Ақжарма ауылдық округінде газ құбырын тарту жұмыстары басталды, жобаның құны – 1,26 млрд теңге. Мердігер ұйым жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Сабалақ саяжай алабын (3,1 млрд теңге) және Қызылорданың қалған учаскелерін (689,2 млн теңге) газдандыру жобалары іске асырылуда.

Газ желілері Тасбөгет және Белкөл кенттеріндегі тұрғын үйлерге, сондай-ақ Қызылжарма, Талсуат, Қарауылтөбе, Ақсуат және Қосшынырау ауылдық округтеріне қосылды.

Облыс орталығында 815 көпқабатты үй бар, олардың көбісі күрделі жөндеуді қажет етеді. Өткен жылы 11 үй жөнделсе, биыл 18 үй жөнделіп жатыр. Бұл жұмыстарға 1,926 млрд теңге бөлінді.

Жөндеу жұмыстары инженерлік жүйелерді жаңартуды, қасбеттерді әрлеуді, шатырлар мен кіреберістерді жөндеуді қамтиды. Жөндеу "Кондиоминиумдардың ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған несие" республикалық бағдарламасы аясында жүргізілуде.

 

Атырау облысы
Атырау облысында биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға 3 581 квота бөлінді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 564 квотаға азайған.
Квоталар келесідей бөлінді:

  • Бірінші санат (басшылар): 40 квота;
  • Екінші санат (жоғары білікті мамандар): 586 квота;
  • Үшінші санат (орташа біліктілік): 2 176 квота;
  • Төртінші санат (жұмысшылар): 140 квота;
  • Маусымдық жұмысшылар: 650 квота.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық беріледі. Биыл 81 шетелдік маманға жұмыс істеуге рұқсат берілмеген.

Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Биыл 220 отбасыға тұрғын үй берілді, жыл соңына дейін тағы 162 отбасы жаңа үйлердің кілтін алады.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавл қаласында 85 отбасыға тұрғын үй кілттері табысталды. Қызылжар ауданында көпбалалы ана В.Қаймақова жаңа үйге қоныстанса, Есіл ауданында 20 отбасы баспаналы болды.
Мағжан Жұмабаев ауданында Булаево қаласынан көпбалалы отбасыларға тұрғын үй берілді. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы отбасыларды үймен қамтамасыз етумен қатар, өңірдегі құрылыс саласының дамуына да ықпал етуде.

Абай облысы
Үржар ауданында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту егін жинау тиімділігін едәуір арттырып, өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мүмкіндік берді. 2024 жылы ауданда жалпы құны 3,2 млрд теңгеге 177 жаңа техника сатып алынып, техника паркі 9,5%-ға жаңартылды.
35 мың гектардан астам жерден 57 057 тонна дәнді дақыл және 67 197 тонна майлы дақыл жиналды. Ауыл шаруашылығының сапасын арттыру мақсатында аудан шаруашылықтары 8 751 тонна жаздық дәнді дақыл тұқымдарын дайындады, оның ішінде 2 012 тоннасы 1-санатты, ал 6 739 тоннасы 2-санатты.
Сондай-ақ, «Каракөл» су қоймасын жаңғырту үшін 55 млн м³ су көлемін реттеу жобасына инвестиция салу жоспарлануда. «East Agro» ЖШС Сартөрек учаскесінде 17 жаңбырлатқыш қондырғы орнатып, 1 200 гектар егістік алқапты тиімді пайдалануға қол жеткізді.

Ақтөбе облысы
2024 жылы 5 ауылға газ тарту жұмыстары аяқталып, шамамен 2 мың адам көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Облыстың газбен қамтылу деңгейі 95,7%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, «Бұхара-Орал» газ құбырының үшінші желісін салу жобасының аяқталуға жақын болуы магистральдық газ құбырларындағы жүктемелер мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылығы саласында астық өндіру көлемі 30%-ға өсті: 403 мың га алқаптан 559 мың тонна өнім жиналды. АӨК қолдауға 15,5 млрд теңге бөлініп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2 900 жоба мақұлданып, 15 млрд теңге көлемінде несие берілді.
Сонымен қатар, 7 ауылдағы 2 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 827 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 225 отбасы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары арқылы үйлеріне қол жеткізді.

Алматы облысы
Шағын және орта бизнестің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 45%-ды құрап, өндіріс көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті. 10 айда ШОБ субъектілерінің саны 4,7%-ға артып, 143 мың кәсіпорынға жетті, бұл кәсіпорындарда 247 мың адам жұмыс істейді.
Ауылдық жерлерде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,3 млрд теңге сомасына 1 094 жеңілдетілген несие беріліп, 46 кооператив пен 130 жаңа кәсіпорын құрылды. Ауыл тұрғындарының орташа табысы 258,4 мың теңгеден 293,4 мың теңгеге дейін өсті.

Шығыс Қазақстан облысы
Мәслихаттың кезекті сессиясында 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді, оның басты бағыты – әлеуметтік мәселелерді шешу. Бюджеттің 60%-ы әлеуметтік салаға жұмсалмақ.
Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінді: 21 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізіліп, 126 медициналық техника, 36 санитарлық көлік сатып алынды, шетелде 57 дәрігер оқытылып, 66 резидент дайындалды. Облыстық арнайы медицина орталығына 450 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды. Жалпы, денсаулық сақтау саласының бюджеті 1,7 есеге ұлғайып, 46,5 млрд теңгені құрады.

Ұлытау облысы
Аймақта ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылды. Орталық жылына 600 баланы қабылдайды. Жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Қор 65 млн теңгеге жабдықтар сатып алып, 52,4 млн теңгеге спорт алаңдарын салды.
Биыл жаңа мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салынды. Облыс әкімі Д.Рыспеков өңірде әлеуметтік-экономикалық тұрақты өсім бар екенін атап өтіп, жаңа өндірістер мен инфрақұрылым нысандарын іске қосу жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Қызылорда облысы
Арал бассейнінің зерттелген бөлігіндегі көмірсутек қорының болжамы 800 млн тоннаны құрайды. Геология комитетінің төрағасы Е.Акбаровтың айтуынша, Шығыс және Батыс учаскелерінде кешенді геологиялық-геофизикалық әдістерді қолдану арқылы аймақтық зерттеулер аяқталуға жақын.
Зерттеу жүргізілген аумақтың жалпы ауданы 56 мың шаршы шақырымды құрайды. Алдағы уақытта іздестіру жұмыстары мен Сырдария бассейнін зерттеу жоспарлануда.


Абай облысы
Семей қаласында Agro Oil Group компаниясының өсімдік майын шығаратын зауыты ашылды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 180 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеп, 50-60 мың тонна май өндіруге жетеді. Зауытта 50 жергілікті тұрғын жұмыс істейді.
Кәсіпорын заманауи жабдықтармен және инновациялық технологиялармен жабдықталған, бұл жоғары сапалы өнім шығарып, жергілікті сұранысты қанағаттандыруға және басқа аймақтарға экспорттауға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы
Өңірде «Жолдар жылы» аяқталып, 600 км жол жаңартылды. Биыл республикалық маңызы бар 392 км автожол жөнделе бастады, оның 110 км аяқталды.
Жергілікті және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 15 млрд теңге бөлінсе, көше инфрақұрылымын қоса алғанда, инвестиция көлемі 31,5 млрд теңгені құрады. Алғаш рет тоғыз ауылдың орталық көшелеріне асфальт төселді, ал төрт елді мекенге көше жарығы орнатылды.
Жұмыстарды жергілікті мердігерлер атқарып, 1 362 жұмыс орны құрылды. Облыс әкімі Е.Көшербаев «Жолдар жылы» тек бастама екенін және инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Ұлытау облысы
Жезқазған қаласында «Сарыарқа» жобасы аясында 1 705 үйге газ тартылып, жыл соңына дейін тағы 800 үйге газ қосу жоспарлануда. Жоба қаланы сенімді газбен қамтамасыз етеді.
Өңір экономикасы өсімді көрсетуде: алғашқы жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 799 млрд теңгені (+3%) құрады, инвестиция көлемі 42%-ға артып, 158 млрд теңгеге жетті. Жаңаарқада мал өсіру кешенін, Жезқазғанда құс фабрикасы мен көкөніс қоймаларын салу жоспарлануда. Ұлытау ауданында 200 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жобасы жүзеге асырылмақ.
ТКШ саласында 316 км су құбыры және 49 км жылу жүйесі жаңғыртылды. Мектептер, ауруханалар және спорт кешендері сияқты жаңа әлеуметтік нысандар салынуда.



Қарау саны: 59
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!