Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын бақылау бойынша Парламенттік комиссияның кеңейтілген отырысының қорытындылары

13.12.2024

2024 жылғы 13 желтоқсанда тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын бақылау бойынша Парламенттік комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. 

Жиын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әшімбаев М.С.-нің төрағалығымен «Орталық Азияның тұрақты дамуы: Парламенттер мен жергілікті өкілді органдардың рөлі» тақырыбында ұйымдастырылды.

Парламенттік комиссия бағдарламасы «Орталық Азияның тұрақты дамуы жолында», «Парламентаралық өзара іс-қимыл арқылы инклюзивті экономикалық даму» және «ТДМ-ды заңнамаға интеграциялау және мәслихаттардың ТДМ-ды жергіліктендіру жүйесіндегі рөлі» атты сессияларға бөлінді.

Жиынды аша отырып, ҚР Парламенті Сенатының Спикері кеңейтілген форматтағы отырыс аймақтағы елдердің Парламенттері арасында ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты даму жөніндегі жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін ортақ шешімдер іздеуге бағытталған стратегиялық диалогты күшейтуге арналғанын атап өтті. Мәулен Әшімбаев соңғы жылдары Орталық Азия аймағы климаттың өзгеруі, шөлейттену және су ресурстарының тапшылығы сияқты ортақ елеулі сын-қатерлерге тап болғанын айтты. Осы тұрғыда спикер өңірдің ортақ даму мақсаттарын ерекше атап өтті.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Н. Байбазаров өз баяндамасында Қазақстанда ТДМ-ды жүзеге асыру үшін құрылған институционалдық негізді және осы бағытта жүргізіліп жатқан шараларды ұсынды. Олардың ішінде Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ұлттық ерікті шолуды дайындау және ұсыну, ТДМ бойынша өңірлік саммиттер өткізу сияқты жұмыстар бар. Жалпы, спикер әлеуметтік-экономикалық даму мен экологиялық саланы қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы айтты.

Келесі екі сессия парламентаралық өзара іс-қимыл арқылы инклюзивті экономикалық даму мәселелеріне және ТДМ-ды заңнамаға интеграциялау мен мәслихаттардың ТДМ-ды жергіліктендіру жүйесіндегі рөліне арналды. Бұл сессияларға Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы Парламенттерінің делегаттары, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, БҰҰ ДБ Қазақстандағы тиімді басқару департаментінің директоры және басқа да қатысушылар қатысты.

ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Сарсенбаева А.Е. парламентаралық өзара іс-қимыл арқылы инклюзивті экономикалық даму мәселелеріне арналған сессияда сөз сөйледі. Өз сөзінде спикер Орталық Азия елдеріне арналған ТДМ мониторингі платформасының нәтижелерін ұсынды. Сондай-ақ, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және лайықты еңбек мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл саясат азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, еңбек нарығын дамытуға және тұрақты әрі инклюзивті өсу үшін жағдай жасауға бағытталған.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қасенов А.Б. ТДМ-ды заңнамаға интеграциялау және мәслихаттардың ТДМ-ды жергіліктендіру жүйесіндегі рөлін талқылаған қорытынды сессияда сөз сөйледі.

Парламенттік комиссияның кеңейтілген отырысы жемісті перспективаларға жол ашты. Трансұлттық деңгейдегі тиімді өзара іс-қимыл нәтижесінде отырыс спикерлері қызметті жетілдіру бойынша көзқарастарын ұсынып, ТДМ-ды, соның ішінде заңнамалық актілерге енгізу бойынша бастамаларын жариялады.



Қарау саны: 29
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!