Ғылыми кеңес отырысы

11.12.2024

2024 жылғы 11 желтоқсанда Экономикалық зерттеулер институтының (бұдан әрі – ERI) қабырғасында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2025 жылдың І тоқсанына арналған ERI Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды.

Сондай-ақ Ғылыми кеңес күн тәртібінде мемлекеттік тапсырма аясында «Әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингі мен талдауы» тақырыбы бойынша Ұлттық даму жоспарының 2029 жылға дейінгі мониторингін әдістемелік-аналитикалық сүйемелдеу жөніндегі Техникалық есепті талқылау мәселесі қаралды.

ERI Ғылыми кеңес мүшелерінің алдында ERI Стратегиялық талдау орталығының директоры Ахметжанова Қымбат Тұрдыбекқызы сөз сөйледі.

Ғылыми кеңес отырысының қорытындысында ERI Ғылыми кеңесінің төрағасы Алпысбаева Сара Нұрбекқызы пікірталас пен ұсыныстар үшін Ғылыми кеңес мүшелеріне алғыс білдірді.



Қарау саны: 13
Сақталған: 18.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!