Елдер бойынша инфляция (2024 жылғы қараша)

19.12.2024

Қазақстандағы жылдық тұтынушылық инфляция қараша айында 8,4%-ға дейін төмендеді (қазанда 8,5% болған).

Еуропа елдерінде және АҚШ-та инфляция орташа есеппен 0,7%-дан 6%-ға дейінгі диапазонда. Ең төменгі көрсеткіштер Лихтенштейнде (0,7%), Швейцарияда (0,7%) және Люксембургте (0,8%) тіркелді. Ал ең жоғарғы көрсеткіштер Беларусь (5,5%), Молдова (5,4%), Исландия (4,8%) және Румыния (5,1%) елдерінде байқалды. Евроаймақтағы жылдық инфляция қараша айында 2,3%-ға дейін жеделдеді (қазанда 2,0% болған). 

Энергоресурстар бағасының төмендеуі баяулап (-1,9%), азық-түлік емес тауарлардың бағасы өсімі 0,7%-ға дейін жеделдеген. АҚШ-тағы жылдық инфляция қарашада 2,7%-ға дейін артты. Бұл өсімге энергоресурстар бағасының баяу төмендеуі (-3,2%) және азық-түлік бағасының өсімі (2,4%) әсер етті.

Ең жақын елдер арасында инфляция бойынша көшбасшы Түркия болып отыр. Ондағы жылдық инфляция қараша айында 47,1%-ға дейін төмендеген (қазанда 48,6% болған). Әлемдегі инфляция бойынша көшбасшы – Аргентина, онда инфляция 193,0%-дан 166,0%-ға дейін төмендеді.

Қазақстандағы инфляция деңгейі ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып қалуда. Көршілес елдерде инфляция: Өзбекстанда* – 10,2%, Қырғызстанда – 5,7%. Ресейде жылдық инфляция қазан айындағы 8,5%-дан қарашада 8,9%-ға дейін жеделдеп, нарықтық күтулерден асып түсті (8,7%). Бұл өсім қызметтер бағасының (+11,4%) және азық-түлік өнімдерінің (+9,9%) қымбаттауымен, әсіресе май (+34,1%), жеміс-жидек пен көкөніс (+18,7%) бағаларының айтарлықтай өсуімен байланысты. Айлық баға өсімі 1,4% болып, 2022 жылғы сәуірден бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Қытайда жылдық инфляция 0,3%-дан қарашада 0,2%-ға дейін баяулады. Азық-түлік бағасының өсуі 1,0%-ға дейін төмендеді, ал азық-түлік емес тауарлар бағасы өзгеріссіз қалды (-0,3%).

*2024 жылғы қазан айындағы мәліметтер.




Қарау саны: 30
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!