«ЕАДБ өзара инвестициялар мониторингі – 2024» Еуразия аймағы.

20.12.2024

Еуразиялық даму банкі «ЕАДБ өзара инвестицияларды мониторингі – 2024. Еуразия аймағы» атты кезекті есебін жариялады. Есепті дайындауға «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары қатысты. 

«ЕАДБ өзара инвестицияларды мониторингі – 2024. Еуразия аймағы» есебінің негізі – «төменнен жоғары» қағидасы бойынша ашық дереккөздерден қалыптасқан инвестициялық жобалардың деректер базасы. Бұл база Еуразия аймағындағы жобалар туралы толық ақпаратты қамтиды. 

Есепте 2016 жылдан 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезеңдегі Еуразия аймағындағы елдердің өзара тікелей инвестицияларының көлемі, динамикасы, географиялық және салалық құрылымы туралы мәліметтер егжей-тегжейлі талданған. Орталық Азия елдерінің өзара инвестицияларының ерекшеліктеріне, яғни оларды капитал экспорттаушы және қабылдаушы елдер ретінде талдауға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, есепте Еуразия аймағының зерттеу географиясы Моңғолиямен кеңейтілген.  

ЕАДБ мәліметі бойынша, Еуразия аймағындағы елдердің өзара тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында 46,1 млрд АҚШ долларын құрады.  

Өзара инвестициялардың негізгі қабылдаушы елдері – Қазақстан (10,4 млрд АҚШ долл., 22,6%), Өзбекстан (10,2 млрд АҚШ долл., 22,1%) және Әзербайжан (5,8 млрд АҚШ долл., 12,6%). Бұл елдерге 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында жинақталған өзара инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 60%-ы тиесілі. Қазақстан өзара тікелей инвестицияларды 2022 жылмен салыстырғанда рекордтық 17%-ға арттырды.  

Әзербайжан – экспортталған өзара инвестициялар көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы бойынша көшбасшы. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында ЖІӨ-нің 6,6%-ын құрап, 2022 жылмен салыстырғанда (4% ЖІӨ) едәуір өсті.  

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында Еуразия аймағындағы жинақталған өзара тікелей инвестициялардың 68%-ы жеке компанияларға тиесілі.  

Салалық бөліністе өзара инвестициялардың негізгі секторлары – шикізат секторы (35,6%), өңдеу өнеркәсібі (15,2%) және көлік пен логистика секторы (11,6%). Бұл секторлардың жалпы үлесі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы өзара инвестициялардың 60%-дан астамын құрайды.  

Өңдеу өнеркәсібі өңірдегі өзара инвестициялардың өсіміне ең үлкен үлес қосты. 2022 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібіндегі өзара инвестициялар көлемі 1,1 млрд АҚШ долларына өсіп, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында 7 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл секторда ең көп белсенді жобалар саны (93) жүзеге асырылуда.  

Агроөнеркәсіптік сектор 2016 жылдан бастап өзара инвестициялар көлемінің тұрақты өсуін көрсетіп келеді – орташа жылдық өсім қарқыны 6,7%-ды құрады. 2022 жылдан бастап бұл сектордағы өзара инвестициялар көлемі 22%-ға артып, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында 2,2 млрд АҚШ долларына жетті. 

Дереккөз: ЕАДБ өзара инвестициялар деректер базасы  


Есептің толық нұсқасымен Еуразиялық даму банкінің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: 

https://eabr.org/analytics/special-reports/monitoring-vzaimnykh-investitsiy-eabr-2024-evraziyskiy-region/




Қарау саны: 23
Сақталған: 20.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!